From Wikipedia, the free encyclopedia
Килограмм — массаның халықаралық бірліктер жүйесіндегі негізгі бірлігі. Килограмм өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықаралық бюрода (Париж маңындағы Севрде) сақтаулы халықаралық прототиптің массасына тең. Килограммның прототипі диаметрі мен биіктігі 39 мм цилиндр гирь түрінде платина-иридий қорытпасынан (платина 90%, иридий 10%) жасалған. Белгіленуі: қазақ «кг», халықаралық «kg». Килограммның үлестік бірлігі – грамм да кеңінен қолданылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.