Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Швед химигі Карл Вильгельм Шееле 1742 жыл 9- желтоқсанда Швецияның құрамына кірген Помераниядағы Штральзундте дүниеге келеді . Әкесі сыраханада жұмыс жасаса , ал анасы астық сатумен айналысты . Шееле Штральзундтегі жеке меншік мектепте оқиды . Бірақ 1757 жылы Гетеборгке көшіп кетеді . Карл отбасындағы 7-ші бала еді . Ата- анасы қаржы жағынан қиналған соң , Карл жоғарғы оқу орнында оқи алмайды . Ол дәріханашының шәкірті бола жүріп , химиялық эксперимент жасаудың сырын ұғына біледі . Гетеборгте сегіз жыл жұмыс жасаған соң , Карл Мальмаға көшіп келеді . Сөйтіп осында ол әрбір күннің батар уақытында химиялық лабораториялық жұмыстармен айналысып жүрді . Шееле тіпті Стокгольм дәріханасында (1768-1769), Упсала дәріханасында (1770-1774) және сөйтіп , 1775 жылы Чёпинг дәріханасында жұмыс жасады . Мұнда ол өмірінің соңына дейін зерттеулермен айналысты . Король Фридрих II Шеелені Берлин университетінің химия кафедрасына жұмыс жасауға шақырады . Бірақ Карл бұдан бас тартады . Ол 1775 жылы өзінің химиядағы зертеулері мен еңбегінің арқасында Швед Король ғылыми Академиясының мүшесі атанды . Ол жоғарғы оқу орнында оқымай , осындай дәрежеге жеткен жалғыз ғалым еді . Шееленің химия аумағында ашқан жаңалықтары өте көп еді . Ол 1769 жылы фосфор алудың әдісін ұсынады. 1771жылы ерекше оттегі қоспасын алады . 1774 жылы Шееле Ю.Г.Ганмен бірге марганецті еркін күйде бөліп алды . Хлор және барий оксидін алады .Хлорды зертеп , ол туралы тарихта бірнеше жаңалықтар қалдырады . 1775 жылы мышьяк сутегін және мышьяк отттегін ашады . 1777 жылы Карл Вильгельмнің «Химический трактат о воздухе и огне» атты еңбегі жарыққа шығады 1778 жылы Шееле екі жаңа металл – молибден және вольфрамды ашады . Өзінің «Исследования и заметки об эфире» (1782) атты еңбегінде «эфир» терминіне анықтама береді. Сөйтіп 1786 жылы 21 мамырда өмірден озады .
1.»Әйгілі химиктер өмірі». Неміс тілінен аударылған 1981жыл ; 2. Волков В.А., Вонский Е.В., Кузнецова Г.И.»Әлем химиктері» – М.: ВШ, 1991. 656 с.;
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.