КазталовкаБатыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Казталов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Ауыл
Казталовка
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан

Ауданы

Казталов

Ауылдық округі

Казталов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°45′57″ с. е. 48°41′30″ ш. б.49.76583° с. е. 48.69167° ш. б. / 49.76583; 48.69167 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

5 654[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

07

Казталовка картада
Казталовка
Казталовка
Казталовка картада
Казталовка
Казталовка
Close

Облыс орталығы – Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 330 км жерде, Сарыөзеннің (Кіші Өзеннің) сол жағалауындағы бидайық, көкпек басым әр түрлі шөптер өскен шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 5008 адам (2511 ер адам және 2497 әйел адам) болса, 2009 жылы 5055 адамды (2499 ер адам және 2556 әйел адам) құрады.[2]

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың 30-жылдары қаланған. 1961-1997 жылдары Казталов қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Казталовкада және ауылдық әкімшілік округке қарасты Бозоба, Қоныс, Сексенбаев ауылдарында бұрынғы құрылыс, көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындар “Мирас” серіктестігіне, өндірістік кооперативке және 24 шаруа қожалығына біріктірілген.

Инфрақұрылымы

Ауылдарда 3 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, клуб, мешіт, музей, аурухана, емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Казталовка арқылы мемлекеттік маңызы бар Орал – Казталовка – Жәнібек автомобиль жолы өтеді.[3]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.