From Wikipedia, the free encyclopedia
Албания, Кавказ Албаниясы — Әзірбайжанның көне және орта ғасыр дәуіріндегі атауы, Кавказдағы ең көне мемлекеттердің бірі. Албанияда (бүгінгі Дербент қаласының маңындағы Чоло қаласында) Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір тәрізді болған “Кавказ қақпасы” орналасқан. Әзірбайжан жеріндегі археологиялық зерттеулер (Мингечаура, Чухуркабала, Софулу, Кабала, Топраққала және т.б.), көне авторлардың (Арриан, Плиний,Страбон, Апигиан, Плутарх т.б.) жазбалары және армян жылнамалары Албания халқының б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңында жер өңдеумен, мал шаруашылығымен және қол өнерімен шұғылданғанын көрсетеді. Құл иеленушілік өрістеп, елді патша мен бас абыз басқарған. Мәдениет біршама жоғары дәрежеде өркендеген. Халқы айға табынған. Басты қаласы б.з-дың басына дейін Кабала болды. Б. з-дың 3-5 ғ-да христиан діні енді. Ел басшысы Джеваншир Гирдыманскийдің (638 — 670) тұсында жазу өнері өркендеп, “Агван тарихы” жазылды. 8 ғ-да арабтар мұсылман дінін енгізе бастады. Бүгінгі Әзірбайжандардың бір бөлігі көне Албания халқының ұрпағы болып табылады.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4-том.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.