From Wikipedia, the free encyclopedia
Йога — психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым[1][2]. Йоганың негізгі бағыттары — раджа-йога, карма-йога, джнана-йога, бхакти-йога және хатха-йога.
«Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді.
Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. Инд өзенінің алқабында табылған және Үнді өркениеті кезеңіне жататын (Б.з. д. 3300-1700 ж. ж.) бірнеше мөрлерде медитация немесе йогикалық позалардағы фигуралар бейнеленген. Бұл археологиялық деректер Хараппа өркениетінің халқы йоганың ежелгі формаларының бірін немесе оған байланысты рәсімді қолдану мүмкіндігін көрсетеді.
Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесінің теориялық нұсқауында және практикалық негіздемесінде рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босату туралы айтылады.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Йога ең алғаш Ригведада пайымдалған. Бірақ шындап б.з.д. 6-5ғғ. шамасында жүйелі діни философиялық мектеп ретінде пайда болған. Құдайға сенеді, адамды жетілдіруді көздейді.
Йоганың Жеті Сатысы үш талапқа бөлінеді:
1) Моралдық тәрбие – өлтіруге, өтірікке, ұрлыққа, жынысқұмарлыққа, пайдакүнемдікке қарсы, тазалық, қанағат, тежем, үйрену, Құдайға сену.
2) Денелік тәрбие – дене мүшелерін басқару, тыныс алуды басқару, түрлі сезімдік әсерлерді басқара білу.
3) Медитация сатылары – Шоғырлану, Толғану, Тебірену
Йоганың дұрыс жерлері де, бұрыс жерлері де бар. Дұрыс жері Шоғырлану, Толғану, Медитация, тыныс алуды басқару, дене мен жанды тәрбиелеу секілділер. Бұл барша адамға керек құндылықтар.
Ал, дұрыс емес жері ол бір үнділік көне секта, табиғаты түңілуге толған көне үнділердің діни танымы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.