From Wikipedia, the free encyclopedia
Иордания мәлігі (араб.: ملك الأردن) Иордания конституциясы бойынша ол мемлекет басшысы. Иорданиядағы монархия Ұлыбританияның көмегімен 1921 жылы енгізілді. Иордания конституциялық монархия болғанымен, мәлік айтарлықтай атқарушы және заң шығарушы билікке ие. Ол Иордания Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы және премьер-министр мен органдар директорларын тағайындайды. Ол сондай-ақ жоғарғы палата, Сенат және Конституциялық Сот мүшелерін тағайындайды.
Иордания мәлігі араб.: ملك الأردن | |
Иордания патша байрағы | |
Басшылық етеді | |
---|---|
Басқару түрі |
Иорданиялық Хашимит Мәліктігінің Ұлы мәртебесі |
Ресми резиденциясы |
Рагадан сарайы (ресми резиденциясы), Мұсалла сарайы (қысқы резиденциясы) |
Тағайындалды |
мұрагерлікпен |
Өкілеттігінің мерзімі |
өмірбақи |
Лауазым пайда болды | |
Алғашқысы |
Абдалла I |
Хашемиттер әулетінен шыққан Хұсейін бен Әлидің ұлдары Ирак пен Иорданияның патшалары атанды. Абдалла ибн Хұсейін алғаш рет 1921 жылы 11 сәуірде Трансиорданияның әмірі болып тағайындалды, ал 1946 жылы 25 мамырда елге тәуелсіздік берілгендіктен, Хашимиттік Трансиордан Патшалығының мәлігі болып жарияланды. Елдің атауы 1948 жылғы араб-израил соғысынан кейін 1949 жылы 3 сәуірде Иордания Хашимит Мәліктігі болып өзгертілді.
Сурет | Аты | Туған жылы | Билей бастады | Билеуін аяқтады | Қайтыс болған жылы | Байланысы |
---|---|---|---|---|---|---|
Абдалла I Абдалла ибн Хұсейін |
1882 ақпан | 25 мамыр 1946 | 20 шілде 1951 (өлтірілді) |
1921 жылға дейін - Трансиордания әмірі | ||
Талал Талал ибн Абдалла |
26 ақпан 1909 | 20 шілде 1951 | 11 тамыз 1952 (тақтан бас тартты) |
7 шілде 1972 | алдыңғының ұлы | |
Наиф Наиф ибн Абдалла |
14 қараша 1914 | 20 шілде 1951 | 8 қыркүйек 1951 | 12 қазан 1983 | алдыңғының інісі; науқас Талал ағасы кезіндегі регент | |
Хұсейін Хұсейін ибн Талал |
14 қараша 1935 | 11 тамыз 1952 | 7 ақпан 1999 | алдыңғының ұлы | ||
Абдалла II Абдалла ибн Хұсейін |
30 қаңтар 1962 | 7 ақпан 1999 | қазір аман сау | алдыңғының ұлы |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.