From Wikipedia, the free encyclopedia
Кеплер Иоганн (нем. Johannes Kepler 27.12. 1571, Германия, Вюртемберг, Вейль-дер-Штадт қ. – 15.11.1630, Бавария, Регенсбург қ.) - Немiс астрономы, математигі. ХVІІ ғ. адамзаттық ғылым-техника төңкерісінің дәуір бөлгіш тұлғаларының бірі. Әйгілі астроном Тихо Брагенің қол астында зерттеумен айналысқан шәкірті. Тихо Браге көптеген астрономиялық құбылыстарды көзеткенімен оларға синтез жасай алмады. Ал Кеплер болса оларды қорытып, анализдеп, әйгілі заңдарды туғызды. Ол әйгілі планеталар қозғалысына қатысты Кеплер заңдарын ашты. Кейінгілер оның "жаңа астрономия", "Әлемнің гармониясы", Коперниг астрономиясы туралы" кітаптары арқылы планеталар қозғалысының үш заңын тұрақтандырды. Ол өзінен кейінгі Ньютон секілді ғалымдардың бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуына тікелей ықпал етті.
Johannes Kepler | |
---|---|
A 1610 portrait of Johannes Kepler by an unknown artist | |
Туған күні, жері |
1571 ж. желтоқсанның 27 Weil der Stadt near Stuttgart, Germany |
Қайтыс болған күні, жері |
1630 ж. қарашаның 15 (58 жаста) Regensburg, Bavaria, Germany |
Тұратын жері | Württemberg; Styria; Bohemia; Upper Austria |
Зерттеу салалары | Astronomy, astrology, mathematics and natural philosophy |
Интитуттары | University of Linz |
Alma mater | University of Tübingen |
Еңбегі үшін әйгілі |
Kepler's laws of planetary motion Kepler conjecture |
Қолы |
Иоганн Кеплер 1593 ж. Тюбиген университетiн бiтiредi.
1594-1600 ж.ж. Грацтегi жоғарғы мектепте жұмыс iстейдi. 1600 ж. Прагаға астроном Тихо Брагеге көшiп кетедi, ал 1612 ж. Линцке қоныс аударады.
Кеплердiң зерттеулерi астрономия, механика, оптика және математика салаларына байланысты болады. Тихо Брагенiң және өзiнiң бақылауларын пайдаланып, планеталардың қозғалыс заңдарын ашты (Кеплердiң 3 заңы).
Кеплердiң оптикаға енгiзген жемiсi мол. 1604 ж. шыққан "Вителлияға қосымша" трактатында жаңа оптиканың негiзi және көру механизмi берiлген.
1604 ж. жарықтандыру және жарық көзiне дейiнгi ара қашықтық квадратының арасындағы байланыстың керi пропорционалзаңын ашты.
Кеплер телескоп құрастырушы ретiнде белгiлi оның трактаттарында, сонымен қатар, шағылу заңы, толық iшкi бейнелеу құбылысы, линза формуласы және көру шарты сипатталған.
Кеплер Иоганн – Коперниктің ілімі негізінде планеталар қозғалысының заңдылықтарын ашқан неміс астрономы. 1588 ж. ғибадатхана мектебін, 1589 ж. Тюбинген академиясының жанындағы діни семинарияға түсіп (кейін университет болған), оны бакалавр дәрежесінде бітірген. Тюбинген академиясын магистр дәрежесінде аяқтағаннан кейін (1593), Грац қаласындағы (Австрия) гимназияға матем. пәнінің оқытушысы етіп жіберілген. Кеплер католиктердің қудалауы салдарынан Грацтан кетуге мәжбүр болған. 1600 ж. Прагаға келіп даниялық астроном Т.Брагемен бірге жұмыс істеген. Прагада оның оптиканы астрономияға қолдану туралы “Виттелоға толықтыру” (1604), “Диоптрика” (1611) атты трактаттары және “Жаңа астрономия” (1609) атты құнды еңбегі жарық көрген. Кеплер 1612 ж. Линц қ-на қоныс аударған. 1619 ж. оның Линцте “Әлем гармониясы” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде барлық планеталар қозғалысының теориясын біріктіретін үшінші заңның тұжырымдамасын жасады (қ. Кеплер заңдары). “Коперник астрономиясын қысқарту” (1 – 3-бөл., 1618 – 22) атты еңбегінің қорытындысында Марс үшін анықталған алғашқы екі заңды барлық планеталар қозғалысы мен Айдың Жерді айнала қозғалысына, ал үшінші заңды Юпитердің 4 серігіне қолдануға болатындығын айтты. 1619 ж. “Кометалар туралы” трактатын, 1627 ж. “Рудольф кестелері” атты үлкен еңбегін жазды. Кеплердің жаңалықтары астрономияның ілгері дамуында елеулі рөл атқарды.[1] [2] [3]
Алғаш Кеплер протестант уағыздаушысы болғысы келді, бірақ оның матиматикалық қабілеттілігінің арқасында , Кеплерді 1594 ж. Граца (қазіргі Австрия) университетіне дәріс оқуға шақырады. Граца Кеплер 6 жыл өмір сүреді. Осында оның алғаш кітабы «Әлемнің құпия сыры» (1596) шығады. «Әлемнің құпия сыры» кітабын Кеплер Галилеоға және Тихо Брагаға жіберді. Мистикалық нумерологияны қостамағандығыменнен, Галилей Кеплердiң гелиоорталық жолын мақұлдады. Ал Тихо Браге Кеплерді өзіне шақырады. Кеплер католиктердің қудалауы салдарынан Грацтан кетуге мәжбүр болған.
Кеплер 1612 ж. Линц қ-на қоныс аударған. Осында Кеплер 14 жыл өмір сүрді. Ол император сарайының маңындағы математигі және астрономы атағы берілді. Математикадан сабақ беру және гороскоптар табыс әкелді. 1619 ж. оның Линцте “Әлем гармониясы” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде барлық планеталар қозғалысының теориясын біріктіретін үшінші заңның тұжырымдамасын жасады (қ. Кеплер заңдары). “Коперник астрономиясын қысқарту”(1 – 3-бөл., 1618 – 22) атты еңбегінің қорытындысында Марс үшін анықталған алғашқы екі заңды барлық планеталар қозғалысы мен Айдың Жерді айнала қозғалысына, ал үшінші заңды Юпитердің 4 серігіне қолдануға болатындығын айтты. 1619 ж. “Кометалар туралы”трактатын, 1627 ж. “Рудольф кестелері” атты үлкен еңбегін жазды. Кеплердің жаңалықтары астрономияның ілгері дамуында елеулі рөл атқарды. Линцте отыз жылдық соғыс жүрісінде 1626 тұтқынға алынғын. 1628 жылда валленштейнге қызметке өтедi.1630ж. Еңбек ақысын алу үшін, Регенсбург императорына аттанады. Жолда, қатты суық тиіп, қайтыс болады.1774ж. Кеплер архивінің көбісін (22 томнан 18-ін) Питербург Академиясы сатып алды.
Кеплердің бірінші заңы.
Ұйтқымаған қозғалысқа (яғни екі дене есебінде) қатынасатын нүктенің орбитасы екінші ретті қисық сызықпен өрнектеледі және оның бірфокусында тарту күшінің центрі орналасады. Сонымен ұйтқымаған қозғалыстағы материалдық нүктенің орбитасы конустық қималардың бірі, яғни шеңбер, эллипс (планеталар үшін), парабола не гипербола түрінде болады.
Кеплердің екінші заңы.
Ұйтқымаған қозғалысқа қатынасатын нүктенің радиус-векторы сызатын аудан уақытқа пропорционал болып өзгереді. Кеплердің алғашқы екі заңы тартылыс күші әсерінен пайда болатын және шамасы күш центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал болатын ұйытқыма қозғалыстар үшін ғана орындалады.
Кеплердің үшінші заңы.
Орталық нүкте (Күн) айналасындағы екі материалдық нүктенің (планета) ұйтқымаған эллипстікқозғалысы кезіндегі айналу уақытының квадраты мен орт. және айналатын нүктелер массалары қосындысы көбейтінділерінің қатынасы, олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтері кубтарының қатынасына тең, яғни: мұндағы T1 және T2 – екі нүктенің айналу периоды, m1 және m2 – олардың массалары, m0 – орталық нүктенің (Күннің) массасы, a1, a2 – орбита нүктелерінің (планеталардың) үлкен жарты осі. Кеплердің үшінші заңы эллипстік орбита бойымен қозғалатын планеталарға, планеталар серігіне, қос жұлдыздардың құраушыларына қолданылады және аспан шырақтарының кейбір сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Кеплер заңдары Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашылуында елеулі рөл атқарды. Бақылаулар нәтижесінде табылған Кеплер заңдарын Ньютон екі дене есебінің дәл шешуі ретінде қорытқан.
[
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.