From Wikipedia, the free encyclopedia
Иоганн Иоахим Винкельман (1717 - 1768 ж ж) - көрнекті неміс ғалымы, өнер тарихшысы және теоретигі. Ағартушылық мәдениет өкілі, классицизм эстетикасының қалыптасуында үлкен рөл атқарған. 1763 ж. Ватикандағы көне мұралардың бас сақтаушысы. Негізгі еңбегі - "Көне өнер тарихы" (1764) Ағылшын және француз ағартушыларының дәстүрінде Винкельман өнер тарихын жалпы табиғи орта мен халық өмірінің қоғамдық-тарихи жағдайларымен тығыз байланыста қарастырды. Қоғамның көркем мәдениеті, Винкельман бойынша, өсу өсу мен солудың органикалық процестерін басынан өткізеді. Грек антиктік өнері афиналық демократия жағдайында өрлеу үстінде боады. Афиналықтар азаттық пен еріктіліктен айырылғаннан кейін, бұл өнер де құлдырап кетті. Өнердің қоғамдық мазмұнына байланысты Винкельман грек өнері тарихының үш кезеңін атап өтеді. Грек өнерінің бастапқы сатысы стильдің аяқталмағандығымен суреттеледі. Перикл заманына "жоғарғы", Мирон мен Фидий стильдері сәйкес келеді. Осыдан кейін "нәзік стиль" үстемдік етіп, батырлық әсем талғаммен ауыстырылады, осыдан соң құлдырау кезеңі басталады. Винкельман эстетикалық жүйесінің орталығында әсемдік ұғымы тұр.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.