From Wikipedia, the free encyclopedia
Иелік – азаматтық құқықта меншік иесінің затты (мүлікті) нақты иеленуі‚ затқа тікелей әсер етуіне мүмкіндік жасайтын өкілеттіктерінің бірі.
Заңды (титулдық) және заңсыз иелік болуы мүмкін. Затты (мүлікті) меншіктенуші оның заңды (титулдық) иеленушісі болмауы да мүмкін, ал мүлікті жалдау шарты бойынша жалдаушы (жалгер), тегін пайдалану шарты бойынша мүлік берілген адам, кепілзат ұстаушы, заттарды тасымалдауға алған жүк тасушы, мүлікті сақтаушы, комиссионер, т.б. заттың заңды (титулдық) иеленушісі болуы мүмкін. Заңды иелік бұзылған жағдайда оны сот қорғайды. Заңсыз иелік мүлікті сатып алушы затты иелену заңға қайшы келетінін (мысалы‚ оны иеленуге құқығы жоқ адамнан сатып алынса) білмесе немесе оны білуге тиіс болмаса‚ адал иелік болуы және сатып алушы затты иелену заңға қайшы келетінін білсе және оны білуге тиіс болса‚ арам иелік болуы мүмкін. Иелікті бұлай жіктеу‚ меншіктенушінің талабын қанағаттандыру кезінде затты қайтару және заңға қарсы тұрғыда иеленушінің заңсыз әрекеті салдарынан алынбай қалған пайданың орнын толтыру туралы мәселені шешуде қажет.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.