Зигокактус

From Wikipedia, the free encyclopedia

Зигокактус

Зигокактус – кірпігүлдер тұқымдасына жататын суккулентті өсімдік. Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандары. Құмды, шөлді жерлерде өсетін кірпігүлдерден айырмашылығы, бұл эпифитті (яғни жерде топырақта емес, ағаштың бұтақ, діңінде өсетін) ылғалдылықты ұнататын өсімдік. Жапырақтары етті, жалпақ, аратісті, буын-буын болып келген. Жапырағының соңғы буындарының ұшынан қызыл, күлгін түсті гүл жарады. Желтоқсан-қаңтар айында гүлдейтіндіктен «желтоқсан гүлі» деген атауы да бар. Гүл түйнегі қазан айының соңында пайда бола бастағаннан бастап, өсімдікті бір орыннан екінші орынға қозғап, мазалауға болмайды, әйтпесе түйнегін тастап жібереді. Сонымен қатар, молынан суғарып, су бүркіп, гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіру қажет. Гүлдеп болғаннан кейін, өсімдік демалу кезеңіне ауысады сондықтан суғаруды біртіндеп азайтып, 12 °C салқындау жерге қою керек. Сәуір айында түбегін, топырағын ауыстырып, әрі қарай қазан айына дейін дағдылы күтім жасалады. Қазан, қараша айларында гүлдеуі үшін аздап ғана суғарып салқындау жерге қояды. Бұндай температуралық жағдайлар жасалмаса, өсімдік гүлдемей қояды.

Жарығы

Quick Facts Зигокактус, Ғылыми топтастыруы ...
Зигокактус
Thumb
Зигокактус
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Rosaceae
Кіші тұқымдасы: Maloideae
Тегі: Зигокактус
Түрі: M. domestica
Екі-есімді атауы
Malus domestica
Close

Өсімдік туралы

Жарық, күн сәулесі мол түсетін жерге орналастыру қажет.

Жылуы

Демалу кезеңінде 12°C салқындық, басқа уақыттарда 17 °C- 20 °C жылулықта өседі.

Суғарылуы

Демалу кезеңінде азырақ суғарады.

Ылғалдылығы

Құмды, шөлді жерлерде өсетін кірпігүлдерден айырмашылығы, бұл көлеңкелі тропикалық ормандарда өсетіндектен ылғалдылықты ұнататын өсімдік, сондықтан су бүркіп тұру қажет.

Қоректендірілуі

Айына бір рет кірпігүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп отыру қажет.

Аурулары

Көбінесе саңырауқұлақ ауруларына шалдығып ауырады. Ондай жағдайда фунгицид препаратын қолданыңыздар.

Көбейтілуі

Қалемше арқылы көбейтеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.