Зернук
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зернук, Оксус, Весидж – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген, Қазақстанда I-XV ғасырлар аралығында болған қала.
Оксус қалашығы | |
![]() | |
Қазіргі жері | |
---|---|
Қалануы |
I ғасыр |
Басқаша атаулары |
Зернук, Оқсыз, Весиджем |
Орналасуы |
42°57′04″ с. е. 68°02′02″ ш. б.42.95111° с. е. 68.03389° ш. б. (G) (O) (Я) |
|
Орналасқан жері
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылынан солүстікке қарай 9,5 км жерде, Ақжар шатқалында.
Зерттелуі
Алғаш рет қалашық 1900 жылы зерттелді, Н. Рудневаның Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының А. Н. Бернштамның басшылығымен зерттеу 1947 жылы жалғасты. Одан әрі 1975 жылы К. А. Ақышев пен К. М. Байпақовтың басшылығымен Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы археологиялық жұмыстардың айтарлықтай көлемін атқарды.
Қалашық сипаты
Қазіргі кезде қалашық екі қабатты төбе болып келеді. Цитаделі қазіргі күні алдымызда биіктігі 1,35 м болатын төбе ретінде тұрады, жақтарының өлшемдері: солүстік-шығысы - 90 м, солтүстік-батысы - 75 м, оңтүстік-шығысы - 180 м және оңтүстік-батысы - 150 м. Шахристан өлшемі 165x200x150x195 м. Шахристанның төбесінің биіктігі 3-5 м.
Шахристанның периметрі бойынша мұнаралармен қабырғамен қоршалғаны көрініп тұр, өйткені аумақта бір жарым метрлік төбелер түріндегі күзет мұнараларының қалдықтары табылды.
Қалашық айналасында ор қазылған. Қалашықтың ішіне шығыс және оңтүстік-батыс қабырғаларында орналасқан екі кіру жолы бар. Оңтүстіктен және батыстан орталық қаланың қираған жұртының аумағы бойынша магистральды канал арнасы орналасқан рабадандар жанасады. Рабадтың жалпы ауданы 20 га.
Бүгінгі таңда көптеген мамандар Оксус қалашығы ортағасырлық Весиджем - Орта Азияның әйгілі ортағасырлық қалаларының бірі және аты аңызға айналған философ Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жерінің қаласымен теңестіріледі. Ортағасырлық кезеңде қала Зернук деген атқа ие болған.[1]
Зернук қаласының атауы алғаш рет армян патшасы Гетумның XIII ғасырдың ортасында Қарақорымдағы Мөңке хан сарайына келген елшілігі туралы жолжазбаларында хатқа түскен (Гетум елшілігі). Әбу Абдаллах Хорезмидің жазбаларына қарағанда, “Зернук” — сол заманғы су көтеретін шығырлардың бір атауы.[2]
Қала орнында жүргізілген зерттеулер мұнда дамыған шығырлы егіншілік жүйесінің, бірнеше шығыр шұңқырларының болғанын анықтады. Осыған қарағанда Хорезми пікірлері талас тудырмайды. Қала мен оның айналасындағы кішірек қоныстар суды 7 км жердегі Ақарық каналынан алған.[3]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.