From Wikipedia, the free encyclopedia
Зая Пандита (қалм. Зая Пандит Оһтрһун Дала; моңғ. Зая Бандида Огторгуйн Далай (Намхайжамц); шамамен 1599 — 1662 жылдың қыркүйегі) - ойрат (қалмақ) аудармашысы, ақыны, ұстазы, “тодо бичиг” жазуының құрастырушы. XVII ғасырдағы Орталық Азияның көрнекті саяси қайраткері, буддизмнің гелугпа мектебінің өкілі.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2024-03-04, 11:36 кезінде (3 ай бұрын) Жүсіп Жарқынай ХББ (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (мамыр 2020) |
Зая Пандита хошоуыт тайпасының билеушісі Байбағастың асыранды баласы болды. 17 жасында банди рухани антын қабылдап (жаңа есімі Намхайжамц болды), Кукунор арқылы Тибетке жетті. Келесі 22 жыл ішінде буддизмнің теориясы және практикасымен танысты.
1648 жылы Абылай тайшы мен Эрдени батурдың ынтасымен ескі моңғол жазуының негізінде ойрат жазуын (тодо бичиг) құрастырды. Тибет тілінен ойрат тіліне, шамамен, 170 туындыны аударған (буддалық каноникалық кітаптар, философиялық және медициналық трактаттар, аңыздар жинақтары). Ерекше жетістіктері үшін “пандита” лауазымына ие болды.
1639 жылы Панчен-ламаның, Далай-ламаның және Ганденнің нұсқауымен Жоңғарияға оралды. Ел аралап, буддизмнің таралуына өз үлесін қосты. Нойондардың иеліктерінде туындаған дау-дамайларда төреші ретінде қызмет атқарды.
1640 жылы Эрдени батур ұйымдастырған ойрат тайпаларының съезіне қатысты. Съезд барысында Дала заңдарының жинағы қабылданды.
1646 жылы Эрдэни батур, Очирт тайшы, Хундлэн убаши арасындағы дау-дамайларда төреші болды.
1647 жылы Еділдің төменгі ағысы мен мен Жайықтың арасындағы Шукур-Дайчиннің торғауыт ұлыстарына барып қайтты. 1650 жылы Тибетке оралды.
1656 жылы Лувсан, Огжодов, Тугал, Мэргэн тайшыларының арсындағы алауыздықтарды тоқтатып, соғыстың алдын алды.
1655 жылы Еділдің бойына екінші рет барып қайтты.
1662 жылы Тибетке қайтар жолда сал ауруынан қайтыс болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.