Жәндіктердің жалпы құрылысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жәндіктердің жалпы құрылысы. Жәндіктердің дене бітімі - басы, кеудесі және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Бас бөлігінде: ауыз қуысы мен сезімтал рецепторы бар антенна орналасқан. Ауыз қуысы жақтың жоғарғы тісі мен еріннің жоғарғы жағында орналасқан жұпты өткір максилл немесе лабрумнан тұрады. Максилдің екінші жұбы төменгі ерін немесе лабрумда орналасқан. Жәндіктердің үлкендерінің көзі күрделі болып, бірнеше майда көзшелерден тұрады. Алдыңғы арқа тұсында екі қанаты болады. Аяқтары жеке бөліктерге бөлінген, табан тұсында тырнағы болады, сондай-ақ жәндіктің жұмсақ жабысқақ бөлігі ұстап қалуға мүмкіншілік береді. Кейбір жәндіктерде мысалы, тарақандардың құрсағының төменгі жағында екі жұп церк болады. Құрсағының, тыныстауының кішкене саңылауы арқылы ішкі ағзаға оттек кіріп, көмірқышқыл газы шығарылады. Еркегінің ұрығы ұрғашысының жатырында сақталады. Жұмыртқа аналық безден шығып, жұмыртқалық арқылы өтіп, сонан соң сақталған ұрық ұрықтандырылады. Ұрғашысында жұмыртқа орыны болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.