Жұмабеков Жүнісбек (07.01.1927, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай а. – 04.04.1980, Алматы қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1971).

Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан.[1][2]

Алматы заң институтын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында (1955–58), 1958 ж. Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «Руководство КОКП вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.