Жүз жылдық соғыс (ағылш. Hundred Years' War; фр. Guerre de Cent Ans; 1337 жыл – 1453 жыл) — Франция мен Англияның арасындағы ұзаққа созылған, дүние жүзі тарихына ықпал еткен соғыс.
Жүзжылдық соғыс | |||
Сағат тілімен, жоғарғы сол жақта: Ла Рошель шайқасы, Азенкур шайқасы, Пате шайқасы және Орлеан қоршауындағы Жанна д’Арк. | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын |
Франция, Ұлыбритания, Нидерланд (төменгі жерлер), Пиреней түбегі | ||
Себеп |
• Ағылшын Плантагенет әулетінің Француз жерлері мен тағына деген талаптары. | ||
Нәтиже |
Францияның жеңісі (Пикиньи шарты, 1475.ж) | ||
Аумақтық өзгерістер |
Англия Кале иелігінен басқа барлық құрлықтық иеліктерін жоғалтады. | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Соғыстың басталуы
1328 жылы француз патшасы IV Карл қайтыс болды да, таққа мұрагер табылмады. Осыны пайдаланған ағылшын патша III Эдуард (1327 – 1377) өзін қайтыс болған патшаның жиені ретінде тақтың мұрагерімін деп жариялады. Бірақ француз ақсүйектері әйелдер жағынан тараған ұрпақтың Франция тағын иеленуіне тыйым салатын ежелгі дәстүрге сүйеніп, қайтыс болған патшаның алыс туысы, Валуа әулетінен шыққан IV Филипп-ты патша тағына отырғызды. III Эдуард алғашында бұл шешіммен келісті.
Көп ұзамай жаңа патшаның белсенді әрекеттерінен өзінің Франциядағы иеліктеріне қауіп төнетінін түсінді. 1339 ж. ағылшындар Францияға сәтсіз жорық жасады. Келесі жылы жорықтарын тағы қайталады. Бұл жолғы шабуыл сәтті аяқталып, француз флоты толық жойылды. IV Филипп бітім сұрауға мәжбүр болды. Алайда бұл бітім ұзаққа созылмады. 1346 ж. ағылшын әскерлері Нормандияға басып кірді. Олар Париж қаласына дейін келіп жетіп, Францияның солтүстік аймағына қарай шабуылға шықты. Француз әскерлері, негізінен, рыцарлардан құралған еді. Ал ағылшын әскерлерінің негізін ерікті шаруалардан құралған садақшылар құрады. 1346 ж. 26 тамызда олардың арасында үлкен шайқас болды. Шайқас барысында француз жасақтары оннан аса шабуыл ұйымдастырды. Бірақ бір орталықтан басқарылмаған, бей-берекет шабуылдар ешқандай нәтиже бермеді. Ұзын садақпен қаруланған тәртіпті ағылшын садақшылары оларды 150 м-ден артық жақындатпай, алдымен рыцарлар мінген аттарды мертіктірді. Осыдан кейін шайқасқа ағылшын атты әскерлері араласты. 1,5 мыңға жуық француз рыцарлары қазаға ұшырап, ағылшындар 3 сарбазынан ғана айырылды. Жеңіске жеткен III Эдуард аса ірі порты бар Кале қ-сын қоршауға алды.
Кале қ-сы 10 айдан аса ерлікпен қорғанғанына қарамастан берілуге мәжбүр болды. Бұл қала 1558 жылға дейін ағылшындардың Франциядағы әскери тірегіне айналды. Кале бекінісі құлағаннан кейін екі арада 8 жылдай бейбітшілік орнады. 1350 ж. Франция тағын Валуа әулетінен шыққан II Иоанн иеленді. 1355 ж. ағылшындар соғыс қимылдарын қайта бастады. III Эдуард Бретания мен Фландрияны, оның ұлы Эдуард Қара ханзада Лантедок қамалын басып алды. Эдуард Қара ханзада 1356 ж. 19 қыркүйекте Пуатье қаласы түбінде француз патша II Иоанн-ді тұтқынға алды.
1359 ж. Лондонда француздар үшін аса қолайсыз бітім шартына қол қойылды. Халықтың тұрмысы күрт нашарлап, жаппай бас көтерулер (Жакерия көтерілісі) басталды. Осыны пайдаланған ағылшындар елді оңт-тен және солт-тен бірдей қысымға алды.
Жаңа патша V Карл (1364 – 84) ағылшындармен жаңа бітім шартын жасасып, солардың көмегімен халық толқуын басып тастады. Франция өз жерінің көп бөлігінен айрылып қалды. V Карл рыцарларды жалдамалы жасақтармен алмастырып, алғашқы далалық артиллерия бөлімдерін құрды, отандық флотты қалпына келтіруге тырысты. Ол 1369 ж. соғысты қайтадан бастап, ағылшындарды елден ығыстыра бастады және Оңтүстік Англияға бірнеше сәтті жорықтар жасады. Бұл кезде Англияда III Эдуард қайтыс болып, таққа II Ричард (1377 – 91) отырды. Елде шаруалар қозғалысы (Уат Тайлер көтерілісі) өрістеді. II Ричард француздармен бітім жасасуға мәжбүр болды. Бірақ Францияның жаңа патша VI Карл (1384 – 1422 ж. билік құрған) ел билеуге икемсіз болып шықты. Билік үшін ақсүйектер арасында өзара қырқыс басталды. Ал Англияда II Ричард тақтан тайдырылып, билікке Ланкастер әулеті келді. Екі ел арасындағы соғыс ағылшын патша V Генрих (1413 – 22) тұсында қайта жалғасты. Ол 1415 ж. көп әскермен Нормандияға келіп түсті де Бургундия герцогтығының көмегімен елдің бүкіл солт-гін Париж қ-мен қоса басып алды. 1421 жылғы бітім бойынша VI Карл тақта қалдырылды, бірақ V Генрих оның қызына үйленіп, іс жүзінде тақтың мұрагеріне айналды. Көп ұзамай екі патша де қайтыс болып, соғыс әрі қарай жалғасып кетті. Енді соғысқа шаруалар мен қала кедейлерінен құралған жасақтар да араласа бастады. 1428 ж. Франция аса ауыр жағдайда қалды.
Қазан айында Орлеан қаласын ағылшындар қоршауға алды. Осындай қиын жағдайда Жанна д’Арк бастаған жасақ пайда болды (қ. Жанна Д’Арк). Олар 1429 ж. мамырда Орлеанды азат етіп, VII Карл-нің таққа отыруын қамтамасыз етті. Алайда француз ақсүйектері ержүрек қызды ағылшындарға ұстап берді. Жанна Д’Арк өлгеннен кейін Францияда халық жасақтары жер-жерде құрылып, күшейе бастады. Олар 1436 ж. Париж бен оның төңірегін азат етіп, 1450 ж. Нормандияны бағындырды. 1453 ж. 19 қазанда Франциядағы ағылшындардың ең соңғы бекінісі Бордо құлады да, жүзжылдық соғыс ешқандай келісімшартсыз аяқталды. Бұл соғыс екі ел тарихында да үлкен рөл атқарды. Еуропадағы иеліктерінен айрылған ағылшындар басқа құрлықтардан отарлар басып алуға кірісті де, көп ұзамай аса күшті теңіз державасына айналды. Ал Франция бір орталыққа бағынған мемлекет болып қалыптасты. жүзжылдық соғыс рыцарлардың дәурені өткендігін, болашақ соғыстарда шешуші рөлді оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған халық жасақтары атқаратынын көрсетіп берді.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.