Жігер
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жігер – Алматыда 1978–88 жылы аралығында, жыл сайын көктем айында (17–30 сәуір) жас өнерпаздар байқауы ретінде өткізіліп тұрған дәстүрлі шығармашылық жастар фестивалі. Фестивальдің негізгі мақсаты жас таланттарды тауып баулу, көпшілікке таныстыру болды. Әдетте, екі аптаға созылатын “Жігер” фестивалі күндері театрлар мен кинотеатрлар, концерт және көрме залдары жастарға берілді. Жастар күшімен қойылған спектакльдер мен фильмдер, музыка мен бейнелеу өнерінің жас шеберлерінің еңбектері көрермендер назарына ұсынылды. Алғашқы фестиваль 1978 ж. «Алматы шығармашылық жастарының фестивалі» деген атпен ашылды. Бұған бұрынғы астанадағы өнер ордаларының ең таңдаулы жас өкілдері — актерлер мен режиссерлер, әншілер мен композиторлар, сәулетшілер мен суретшілер, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ облысы филармониялардың жас орындаушылары да қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұдан кейін Алматыда «Жігер» фестивалі 1979–88 ж. аралығында өткізілді. Оны Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы Жастар шығарм. кеңесі ұйымдастырды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.