Жыртқыш құстар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Жыртқыш құстар — дене мөлшері сан алуан: 35 граммнан (титтей сұңқар) 12 килоға дейін (тазқара, құмай) жететін, 270-290 түрді біріктіретін құстар отряды.

Жыртқыш құстардың түрлері

Оларды тек қана жыртқыштық өмір сүру дағдысы біріктіреді. Жыртқыш құстардың тұмсығы ілмек тәрізді болады. Тұмсықтың түбінде тақыр, ашық өңді тері – балсірі бар, танау тесіктері соған ашылады. Тұмсығы өткір және тұтқыр тырнақтарымен бірге құстың олжасын аулап, өлтіретін негізгі құралы болып саналады. Жыртқыш олжасын жүні, қауырсыны және сүйектерімен қоса жейді. Сосын жеуге жарамсыз бөлікті лоқсып, былықпа түрінде құсады. Негізінде күндіз белсенді өмір сүреді, жемін аулайлайтын жыртқыш құстар онша көп емес. Моногамиялы, яғни жұбы бірнеше жылдар бойы тұрақты болады, алайда көбінесе жылма-жыл көбеймейді. Балапандары жұмыртқадан жарып шыққында мамақтанып, көзі ашық болады да, ата-енесінің қамқорлығын қажет етеді, Отряд бес тұқымдастан құралады - құмайлар, балықшы тұйғындар, қаршығалар, хатшықұстар және сұңқарлар тұқымдастары. Қазақстанда үш тұқымдастан балықшы тұйғын, қаршыға және сұңқар тұқымдастардан 39 түрдің өкілдері өмір сүреді.[1]

Дереккөздер

  1. Мектеп энциклопедиясы "Құстар", Қазақстан жануарлар сериясы, Авторлар: А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.