From Wikipedia, the free encyclopedia
Жыланды – Имантау және Зеренді тауларының аралығындағы жота.
Жыланды | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы |
23 км |
Ені |
5 км |
Биіктігі |
609 м |
Орналасуы | |
52°51′57″ с. е. 68°44′34″ ш. б.52.86583° с. е. 68.74278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылының солтүстік-батысында 23 км-ге созылған, енді жері 5 км.
Абсолюттiк биіктігі 609 м. Жота бірнеше ұсақ шоқылардан құралған. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты келген. Солтүстік-батысынан Шағалалы өзенінің салалары бастау алады.
Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.
Етегіндегі күңгірт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы бұталары, қызғылт селеу, бетеге, сәбізшөп, жусан, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.