Жиренше сұлтан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Remove ads
Жиренше сұлтан (туған-өлген жылы белгісіз) — Жәнібек ханның баласы, Ақ Орданың ханы Барақтың немересі. 15 ғ-да өмір сүрген. 15 ғ-дың 70-жылдарының ортасында Мұхаммед Шайбани Иасы қаласының Әмір Темір әулетінен шыққан әкімі Мұхаммед Мазид тарханнан қолдау тапты. Алайда Керей хан әскерімен Түркістанға келген кезде оған қарсы тұрар күші болмаған Мазид тархан Мұхаммед Шайбанидың Түркістанды тастап, Бұхараға кетуін дұрыс көрді. Керей хан бұл кезде Жиренше сұлтанды Мұхаммед Шайбани жақтастарының бірі Әлике сұлтан билеп тұрған Сауран қамалын алуға жіберді. Шайқас үстінде Әлике сұлтан қаза тауып, оның әскері жеңілгеннен кейін, Мұхаммед Шайбани Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы билікті өз қолына алу әрекетінен уақытша бас тартып, Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Түркістанның солтүстік бөлігі қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің билігіне көшті. 15 ғ-дың 70-жылдары Жиренше сұлтан Сауран қаласының дербес билеушісі болды.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Дереккөздер:
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads