From Wikipedia, the free encyclopedia
Жесір — күйеуі қайтыс болған, ерсіз әйел. Жесірдің екі түрі бар. Оның бірі — тұрмысқа шыққаннан кейін ері өліп, күйеусіз қалған әйел. Екіншісі — құда түсіп, атастырып үкі таққаннан кейін, болашақ күйеуі өліп, өз үйінде оң жақта отырғанда жесір қалған адам. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамындағы жесір дауының көпшілігі осы оң жақта отырып, жесір қалғандардың өз қалауымен басқа жігітке тұрмысқа шығып кетуінен туындаған. Бала-шағалы болып жесір қалған әйел сол әулеттің не рудың жесірі болып саналған. Күйеуінің туған-туыстары жесір әйелге және оның балаларына әрқашан қамқорлық жасап отырған. Немесе жесір қалған әйел өз қалауы бойынша қайтыс болған күйеуінің жақын бауырларының біріне әмеңгерлік жолмен тұрмысқа шыққан. Жесір әйел рұқсатсыз басқа бір ауылға көшіп кетпеген немесе басқа жаққа тұрмысқа шықпаған. Оның балалары өз туыстарынан бөлінбей өскен.
Әйелі қайтқан ерді жесір демейді. Бопай, тұл, үйсынық деп атайды.
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.