From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңақорған шипажайы — Қазақстандағы бальнеологиялық шипажайлардың бірі. Қазақстан темір жолы бойында, Қызылорда қаласынан 170 км, Теріскен көлінің жағасында, Жаңақорған кентінің жанында, теңіз бетінен 170 м биіктікте орналасқан. Шипалы балшығы мен тұзды суы ертеден белгілі болғанымен, санаторий болып тек 1918 жылдан бастап ашылған. Мұнда көбіне қол-аяқ, омыртқа буындарының сырқаттарын және гинекологиялық ауруларын емдейді. Негізгі емі: Теріскен көлінің шипалы балшығы, тұзды суы. Сондай-ақ, жақсы жабдықталған физиотерапия кабинеттері бар.
Шипажай жыл бойы жұмыс істейді. 393 орынға арналған 7 корпусы, 260 адамдық асхана бар. Шипажайдағы демалушыларға арналған орындар – жай орын, люкс, «особняк» деп бөлінеді[1].
Шипажайда қосымша мынадай физиотерапиялық емдеулер қолданылады: ультрадыбыс, электрофорез, УВЧ, амилипульс, солюкс, УФО, лазер терапиясы, үгудің алуан түрі. Емдік медицинаның соңғы үлгідегі диагностикалық аппараттары мен УЗИ, ФГДС, ЭКГ зерттеу жолға қойылған.[2]
Курорттағы өте құнды, табиғи және ғасырлар бойы табиғаттың өзі жасап шығарған емдік факторлар:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.