From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуразия нарық институты – Астана қаласындағы мемлекеттік емес жоғары оқу орны.
1992 жылы ашылған. Институтта экономика және менеджмент, маркетинг және коммерция, қаржы және кредит, бухгалтерлік есеп және аудит, әлемдік экономика, т.б. мамандықтар бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу күндізгі және сырттай бөлімдерде жүргізіледі. Мерзімі — 4 жыл.
2001 жылы ЮСАИД және АҚШ-тың “CARANA” Корпорациясының грантын жеңіп алды. Институтта компьютерлік оқу орталығы жұмыс істейді. Онда 60-қа жуық оқу-әдістемелік және оқу құралдары жарық көрді. Оқу ғимараты, компьютерлік сыныптар, зертханалар, кітапхана, оқу залы, әскери кафедра бар. Негізі қаланғалы бері 2920 маман бітіріп шықты (2000).
EIM әлемдік сапа деңгейіне ұмтылған. EIM бәсекеге қабілетті және өмірге қажетті мамандарды сапалы даярлауының басты факторларынан аса маңыздылары Еуродеңгейде модернизацияланудағы материалды-техникалық база, заманауи аудиториялар, оқу кабинеттері, Интернет пен ЖОО-ың электронды кітапханаға қосылған компьютерлік класстары, көрнекті Акт, Конференц-және спортзалдары, кітапхана, жатақхана, асхана.
Қазақ Елі, 9 шілде 2010 жыл 2010 жылы 7 шілде күні, «ЕУРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫН» бітірушілерге диплом тапсыру салтанаты болып өтті. Еліміздегі 145 ЖОО-дан индустриялық-инновациялық экономиканы жедел дамыту стратегиясына сәйкес басқару жүйесіне қажетті жоғары білімді, бәсекелестікке қабілетті мамандарды сапалы даярлайтындары әлі санаулы.
БАКАЛАВРИАТ:
МАГИСТРАТУРА:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.