Есенбай Дүйсенбайұлы (15.05.1940 жыл, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қалдайбек ауылы - 2011, Қазақстан) - ақын, журналист.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1963).
- Еңбек жолын Жарқамыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімдігінен бастаған.
- Темір және Байғанин аудандық, Ақтөбе облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, аға тілші болды.
- 1978 — 2009 жылдары республикалық «Жазушы», «Жалын», «Ана тілі», «Өлке», «Раритет», «Білім» баспаларында аға редактор, Қазақстан Даму институтының «Саясат» журналында редактор, жетекші редактор, редактор-аудармашы, директор-редактор қызметтерін атқарды.
- Қазір «Жазушы» баспасында Бас редактор.
- Тұңғыш жыр жинағы 1971 жылы «Бозала таң мен Бозторғай» деген атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді.
- «Ақпейіл» (1974),
- «Үлаң-ғайыр» (1977),
- «Ашықаспан» (1979),
- «Ақ желкенді ағыстар» (1979),
- «Біздің толқын» (1981),
- «Ашық хат», (1982),
- «Таң торғайы» (1988),
- «Үшбүлақ» (1990),
- «Пешене» (2005)
- балаларға арналған «Әліппе — тілашар» (1995),
- «Санамақ» (1996),
- «Менің жаңа астанам»,
- «Жаңбыр әні» (2003),
- «Әріптер мен сандар әлемі» (2007), сондай -ақ таңдамалы жырларының екі томдық жинақтары жарық көрген.
- «Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет» атты көркем аудармасы 1998 жылы «Жалын» баспасынан шыққан.
- М.Горькийдің «Әдебиет туралы»
- академик Г.Ломидзенің «Ұлы достық ұлағаты» кітаптары
- палистиналық ақын әл-Хамиси
- қырғыз шайыры Б.Абакиров жырлары
- екі томдық орыс поэзиясы антологиясын қазақ тіліне аударуға қатысқан.
- 1998 жылы Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің қазақша көркем аудармасы Түркияның Измир қаласында жеке кітап болып шықты.[1]
Ақын ұзақ жыл баспа саласында қызмет істей жүріп, 100-ге жуық поэзиялық, прозалық кітаптар қүрастырған. Оның ішінде:
- «Екі мың жылдық дала жыры» («Қазақ энциклопедиясы», 2000)
- тоғыз томдық «Қазақтар» атты энциклопедиялық анықтамалық (Қазақстан Даму институты, 2003)
- «Дала даналары» (Қазақстан Даму институты, 2001)
- «Нар заман мен зар заман поэзиясы» («Раритет», 2002)
- екі томдық «Жеті ғасыр жырлайды» («Жазушы», 2004
- , қазақ ақын-жазушыларының ең таңдаулы жауһарлары сүрыпталған жүз томдық «Алтын қор» сериясының елу томы («Раритет», 2000 — 2006) бар.
- Ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне тұңғыш рет өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасы Бас жүлдесінің иегері.
- 1996 жылы Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлық алды.
- 1990 жылы «Үшбүлақ» жыр кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының I.Жансүгіров атындағы сыйлығы берілген.
- Байғанин ауданының құрметті азаматы.
- Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі
- «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.[2]
“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл