From Wikipedia, the free encyclopedia
Ерәлі, Ермұхамедәлі (шамамен 1720 жылы туған, 1794 жылы қайтыс болған) – Кіші жүз ханы (1791 - 1794), Әбілқайыр ханның баласы. Жастайынан хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік істерге араласқан. Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін басқарған. Елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылдайды.
Бұл бет жедел жоюға ұсынылған. Себебі: Бұрын бар бетті басқа атаумен бастаған.
Бұл мақаланы 2024-06-14, 23:29 кезінде (0 секунт бұрын) Unknown Alash (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Мына мақаланы не бөлімін Ералы хан дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Ерәлі әкесі Әбілқайыр ханның ерік-қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарын қолдауды өтінеді. Ерәлі Әбілқайырдың аманаты ретінде ағасы Ниязсұлтанмен бірге Санкт-Петербургте қалады. Олар бірте-бірте Ресей империясының отарлау саясатының шын сырын ұғады. Елге қайтуға асығып, Ерәлі әкесінен аманаттыққа басқа бір баласын жіберуді өтінеді.
Ерәлі 1738 жылы керей, уақ, тарақты руларынан қарулы күш жасақтап, Сырдың арғы бетіне, Қызылқұм жағына билік жүргізіп жатқан хиуалықтарға шабуыл жасайды. Оларды қарақалпақтар қонысына дейін ығыстырады. 1740 жылы Ерәліні Сыр бойының жұрты хан көтереді.
Орынбор генерал-губернаторы А.А. Пеутлинг Ерәліні 1790 жылы қайтыс болған Нұралының орнына Кіші жүз ханы етіп сайлауды ұйғырады. 1791 жылы 4 қыркүйекте Ор қаласы түбінде зеңбіректен салют беріліп, Ерәлі Кіші жүз ханы болып сайланады. Хан болып сайланғаннан кейін де ол өз ордасын Сыр бойынан көшірмеген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.