From Wikipedia, the free encyclopedia
«Евклидке түсініктеме», «Евклидтің 1-және 5-кітаптарының кіріспесіндегі қиын жерлеріне түсініктеме» – Әбу Наср әл-Фарабидің көрнекті шығармаларының бірі.
Евклид «Негіздерін» түсіндіруге, сынауға, кемелдендіруге арналған. Арабша түпнұсқасы табылмаған, көне еврей тіліндегі аудармасы бар. Мұнда геометрияның басты ұғымдарын негіздеу, баяндау мәселесі сөз болады. әл-Фарабидің анықтауы бойынша, геометриялық дене – физикалық дененің ең бірінші, бет – одан кейінгі, сызық – одан соңғы, ал нүкте – дененің ең жоғары абстракциясы. Осыған байланысты геометрияның нүкте, сызық, бет, дене сияқты бастапқы ұғымдарын баяндаудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – ең әуелі түйсікке, сезімге жақын ұғымдардан бастап баяндау, екіншісі – ақылға жақын ұғымнан бастау. Ол бұл еңбегінде Аристотельдің көзқарасын дамыта отырып, нүктені сызықтан, сызықты беттен, ал бетті денеден бөліп алуға болмайды, математикалық ұғымдар ақиқат нәрсені түрліше дәрежеде абстракциялау жолымен шыққан деген қорытындыға келген. әл-Фараби Евклид «Негіздерінің» 1-және 5-кітаптарында келтірілген кейбір анықтамаларды сынға алады, түсіндіреді, түзетеді (мысалы, нүкте, түзу сызық, жазық бет, жазық бұрыш, үлес, бөлік қатынас, т.б.). «Евклидке түсініктеме» геометрияны негіздеу мәселелерімен шұғылданушы Шығыс математиктері мен философтарына үлкен әсер етті. Мысалы, Омар Һайям «Евклидке түсініктеме» әсерімен «Негіздердің» 1-кітабына түсініктеме жазып, параллель түзулер теориясында үлкен жетістікке жеткен.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.