Джин Келли
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Джин Келли (ағылш. Gene Kelly, толық аты Эвган Кюрран Келли (ағылш. Eugene Curran Kelly); 1912 ж. 23 тамыз — 1996 ж. 2 ақпан) — америкалық актёр, хореограф, режиссёр, əнші жəне продюсер. 1940-1950 жылдары ол Голливуд жұлдызы болып, осы уақыт аралығында əлемдік кинематографтың алтын қорына қосылған ондаған фильмдер түсірді. Соған қарамастан, əлемге ол «Жаңбырдың астындағы əншілер» мюзикліндегі рөлі арқылы таныс.
Бала кезінен-ақ Джин Келли биге қызықты, кейінірек тас қалаушы, даяшы жəне би үйретуші қызметтерінде жұмыс істеді. Бродвейдегі алғашқы табысы Келлиге «Pal Joey» мюзиклі арқылы келді. Дэвид О. Селзниктің көмегімен Келли Голливудқа көшіп келеді. Оның кинодағы алғашқы рөлі «MGM» компаниясы үшін əйгілі режиссер-хореограф Басби Беркли түсірген «Мен жəне менің қызым үшін» фильміндегі рөл болатын.
1941-1957 жылдар аралығында Джин актриса Бетси Блэрге үйленген болатын. 1949-1957 жылдар аралығында вокалдық жəне хореографиялық қабілеті белгілі актер өзін талантты режиссер əрі хореограф ретінде де танытты. Осы кезеңде Келли атақты режиссерлар Стенли Донен жəне Винсент Миннеллимен біріге отырып, американдық кино тарихындағы үздік музыкалық фильмдерді жасап шығарды. Соның ішінде керемет атаққа ие болған «Жаңбырдың астындағы əншілер» мюзиклі де бар, бұл фильмде актер кино жұлдызы Дон Локвудты сомдап, бірнеше хореографиялық қойылымдарды жасап шығарды.
ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы музыкалық кинематограф жұлдыздары Джуди Гарленд пен Фред Астермен Джин Келлидің терезесі тең тұрған болатын. 1957 жылдан кейін Келли еңбегінің басым бөлігін режиссураға арнады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.