Детективтік әдебиет (ағылш. detective - әйгілеу, әшкерелеу) - шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма. Детективтік әдебиет сюжеті жұмбақ қылмыс саларын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылар мен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар аркылы екі жақтың ашық та астыртын кақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Детективтік әдебиеттің тууы американ жазушысы Э.По ("Алтын қоңыз", "Мария Роженің сыры" (1842 - 43, "Ұрланған хат", 1844), ағылшын жазушысы У.Коллинз ("Ақ киімді әйел", "Киелі тас") есімдерімен байланысты. Әлемге әйгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К.Дойл шығармашылығы Детективтік әдебиетті жаңа белеске көтерді. Бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы шеберлері - А.Кристи, Ж.Сименон, т.б. Қазақ әдебиетінде Қ.Исабаев ("Ажал құрсауында", "Коменданттың жазбалары"), Қ.Тоқаев ("Түнде атылған оқ") - осы жанрда қалам тартқан.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.