байырқы қазақ қоғамында бекзадалар мен билік өкілдерінен From Wikipedia, the free encyclopedia
Дат - байырқы қазақ қоғамында бекзадалар мен билік өкілдерінен (хан, сұлтаннан) қараша сөз сұрағанда айтылатын этикеттік мәнді қаратпа сөз. Сонымен бірге билік өкілдерінің жоғарғы мәртебелі саяси-әлеуметтік статусын да білдіреді. Дат - парсы тілінен енген сөз «көмек, жәрдем, кешірім» деген мағынаны бейнелейді.
Әдетте дат сұраған адамға хан немесе сұлтан жауап ретінде Датың болса айт! деген. Бас кеспек болса дa, тіл кеспек жоқ деген қағидатқа сүйенген қазақ қоғамында дaт құқығы қатаң сақталған. Сондай-ақ халықаралық келіссөздер жүргізу кезінде де дат құқығы сақталып отырған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.