From Wikipedia, the free encyclopedia
Дамба, Дамбы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Дамба ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Дамба | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
46°58′10″ с. е. 51°46′32″ ш. б.46.96944° с. е. 51.77556° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲2442 адам (2021) |
Этнохороним |
дамбалық, дамбалықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
Дамба шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Дамба |
Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан.[1]
1948-50 жылдары Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр саласын тереңдету мақсатында су астын қазу жұмыстары жүргізілген. Қазылған топырақтар өзеннің екі жағалауына үйіліп қолдан "дамба" жасалынған. 1950 жылдардан бастап осы дамбалар басына халықтар көшіп келіп қоныстана бастаған. Сол жылдардан бастап бұл өңір «Дамба» аталып кеткен.
Гурьев облыстық атқару комитетінің Новобогат ауданындағы балықшы колхоздары «Дамбы» елді мекеніне көшіру туралы шешімнің негізінде 1955 жылдан бастап Новобогат ауданынан балықшы колхоздар көшіп келіп, Жайық өзені бойына орналаса бастаған. 1955-56 жылдары «Социалистік жол» колхозының жартысы Дамба ауылына көшіп келіп (жартысы қазіргі Құрманғазы ауылында) бұл жерді Кіші Дамба ауылы деп атаған. Ал Үлкен Дамба ауылына «Амангелді» колхозы орналасты.
1989 жылы елді мекенде 1997 адам тұрған.[2] 1999 жылы тұрғындар саны 1967 адам (954 ер адам және 1013 әйел адам) болса, 2009 жылы 1229 адамды (610 ер адам және 619 әйел адам) құрады.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2442 адамды (1204 ер адам және 1238 әйел адам) құрады.[4]
Ауылда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Теңізде, тұщы суда балық аулау, тамақ өнімдерін көтерме саудада сату, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді. Ауылда балық қорғау инспекциясы, бірнеше сауда нүктелері, монша т.б.бар. Ауыл маңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Солтүстік Каспий экологиялық базасы мекемелері орналасқан [6] Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Әкімшілік | "Ынтымақ" балабақшасы | Ғаббас Қабышев көшесі | Соңғы аялдама | Дәрігерлік амбулатория |
---|---|---|---|---|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.