From Wikipedia, the free encyclopedia
Гидрометрия (гр. һуdor — су, metreo — өлшеймін) — гидрологияның бір саласы; кең мағынада — су объектілерінің жүргісін (ағыстың жылдамдығын өлшеу, су деңгейі, тереңдігі т.б.) байқау әдістерін, ондағы қолданылатын құрал-жабдықтар, сонымен бірге байқау нәтижелерін өңдеу әдістерін зерттейді. Бұл мағынада гидрометрияның мақсаты — құрлық сулары мен теңіздің гидрологиялық жүргісінің барлық элементтерін өлшеу әдістерін жасау болып табылатын гидрологияның өлшеу бөлігі болып анықталады. Әдеттегі қалыптасып қалған тар түсінік бойынша гидрометрияға тек өзен, бөген және көл (сирегірек) жүргілерін зерттеу үшін қолданылатын өлшеу және байқау әдістері ғана жатқызылады.[1]
Гидрометрия – гидрология ғылымының сұйықтықтың күйі мен қозғалысын, су нысандарының режимін сипаттайтын шамаларды өлшеу әдістерін зерттейтін бір саласы. Г-ның көмегімен өлшенетін негізгі шамалар: су деңгейі, тереңдігі, арнаның табаны мен бедері; су арыны мен қысымы; ағыс бағыты мен жылдамдығы, жылдамдық пен қысым ырғағы, толқын белгілері, гидравликалық еңістік, судың лайлылығы, (тасындылар ағындысы), судың термиялық және мұздық режимін сипаттайтын көрсеткіштер, т.б. Су нысандарында су деңгейі су өлшеу құралдарымен жабдықталған гидрол. бекеттерде өлшенеді. Су деңгейін үзбей жазу үшін ламниграф|ламниграфтар мен мареографтар қолданылады; су туралы деректерді үлкен қашықтықтарға беру дистанциялық деңгей өлшеуіштердің жәрдемімен жүргізіледі. Лаб. және өндірістік жағдайда деңгей жазғыш немесе өлшеуіш ине пайдаланса, сұйықтықтың арыны мен қысымы монометрлер және пьезометрлермен өлшенеді. Судың тереңдігі Г-лық рейкамен, темір сырықпен, футштокпен және лотпен өлшенеді. Су айдындарының тереңдіктері автоматты түрде Г-лық профилографтармен (кескін жазғыштар) жазылады. Су ағысының жылдамдығы Г-лық зырылдауықпен, түтікпен, термогидрометрмен, қалтқымен және электронды-мех. аспаптармен, т.б. өлшенеді. Арынды ағындарды өлшеу үшін диофрагмалар, Вентури түтігі, т.б. пайдаланылады. Өзен ағысын, сондай-ақ «аудан-жылдамдық» әдісімен өлшейді. Ағысы қатты тау өзендерінің шығыны «иондық араластыру» әдісімен (ағынға ерітінді-индикатор құйылады) анықталады. Арнадағы тасынды (жүзбе, түптік) мен иондық (еріген) заттардың шығыны батометрдің көмегімен өлшенеді. Өзеннің мерзімдік ағынын анықтау үшін су деңгейі мен ағынының графигі – гидрограф пайдаланылады.[2]
Гидрометрия — гидрологияның саласы; теңіздердің, өзендердің, көлдердің, бөгендердің, каналдардын гидрологиялық режімдерін зерттеу кезінде жүргізілетін барлық бақылаулар мен өлшеу әдістерін, сондай-ақ су нысандары режімдерінің параметрлерін (су тасқынының жылдамдығын, оның деңгейін, тереңдігін және тағы да басқалары) анықтау тәсілдерін дайындайды. Бұл термин көбінесе "қурлық гидрологиясы" бөлімінің атауы ретінде қолданылып жүр.[3][4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.