From Wikipedia, the free encyclopedia
Владимир Шмицер (чех. Vladimír Šmicer; 24 мамыр 1973[1], Дечин) — чехиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Үш бірдей Еуропа чемпионатында (1996, 2000, 2004) гол соққан тұңғыш чех футболшысы.
Владимир Шмицер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Дечин, Чехословакия | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
180 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
1992 жылы Праганың "Славия" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 1996 жылға дейін ойнап, 1996 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Лансқа" ауысты.
1999-2005 жылғы маусымдарда "Ливерпульде" ойнады. 2001 және 2005 жылдар Шмицер үшін табысты болды, 2001 жылы бес бірдей титулға ие болды (төменде — "Жетістіктері"). 2004/05 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпуль" "Миланмен" ойнады, бірінші таймда англиялық клуб 0:3 есебімен ұтылып тұрды, есесіне екінші таймда есепті 3:3-ке жеткізді, үш голдың бірін Шмицер соқты. Шмицер матчтан соңғы пенальтилер сериясында да өз соққысын дәл орындан клубтың жеңісіне үлес қосты.
Осы керемет финал оның "Ливерпуль" сапындағы соңғы матчы еді. Ұзамай "Бордоға" ауысты.
2009 жылы туған клубы "Славияда" ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.