Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Вест Бромвич Альбион» — Уэст-Бромидж қаласында, Уэст-Мидлендс графтығында орналасқан кәсіби ағылшын футбол клубы. 1878 жылы құрылған[1].
Клубтың үй стадионы 1900 жылдан бері «Хоторнс» болып табылады. Клуб өз тарихының көп бөлігінде көк-ақ жолақтары бар формада ойнап келеді, бірақ «Вест Бромвичтің» тарихында басқа да жолақты формалар (сары-жасыл және қызыл-ақ) болған. Қазіргі уақытта команда Англия футбол лигалары жүйесінің екінші дивизионы болып табылатын Чемпионшипте өнер көрсетеді.
Клубтың жанкүйерлері арасында ең көп тараған лақап ат - Baggies (сөмкелер), бұл атау 20 ғасырдың басында команданы қолдаған жұмысшылардың кең шалбарларына байланысты шыққан. Сонымен қатар, клубтың тағы бір лақап аты - Throstles (сайрақ), өйткені клубтың эмблемасында бастапқыда қақпаның тірегінде, кейінірек долана бұтағында отырған сайрақ бейнеленген.
Команданың дәстүрлі қарсыластары Мидлендс аймағындағы клубтар болып табылады: Астон Вилла мен Вулверхэмптон Уондерерс. Вулверхэмптонмен өтетін матчтар «Қара ел дербилері» деп аталады.
Вест Бромвич 100 жылдан астам уақыт бойы Хоторнс стадионында ойнайды. Құрылыс жұмыстары небәрі төрт айға созылғаннан кейін 1900 жылы 3 қыркүйекте ашылды. Клубтың Хоторнсқа көшуі ескі Стоун-Лейн алаңында жалға алу мерзімі аяқталған кезде келді. Бастапқы сыйымдылығы 35 500 болды. Жылдар өте стадионда инновациялар еңгізу жалғасты. Мысалы Ұлыбританиядағы алғашқы электронды турникет 1949 жылы осы стадионда орнатылды. Қауіпсіздік шараларына байланысты стадион сыйымдылығы азайтылды. 2014 жылғы реновациядан кейін стадионның сыйымдылығы 28 850 орын болды[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.