Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Валли́й тілі (сонымен қоса уэль тілі немесе кимр тілі, өз атауы Cymraeg (айтылуы. [kəmˈrɑːɨɡ]) немесе y Gymraeg (айтылуы. [ə ɡəmˈrɑːɨɡ]) — Ағылшындардың Уэль тілінен айырмашылығы бұл тіл Кельт тілдерінің Бритт тобына жатады. Британияның батыс жерлерінде таралған. Әсіресе Уэльсте, сонымен қоса Чубуттеде. Бұл қалалар валий иммигранттарының Патагониядағы колониялары болып табылады.[1].
2011 жылғы санақ бойынша 583 000 адам немесе тұрғындардың 20%-ы валий тілінде сөйлейді (2001 жылы бұл көрсеткіш 20.8 % болған) .[2]; Санаққа сүйенсек, тұрғындардың 25 % -ы Уэль қаласынан тыс дүниеге келген. Британияда бұл тілді қолданатын адамдардың саны белгісіз. Бірақ салыстырмалы түрде олардың саны Уэль қаласында көп секілді. S4C телеарнасының бағасы бойынша, 1993 жылы Англияда валий тілін түсінетіндер саны шамамен 133 000 адам болған. Оның ішіндегі әрбір үшеуі Үлкен Лондон ауданында өмір сүрген[3]. Бұдан бөлек валий тілін қолданатындар Канадада өмір сүруде ( Ethnologue анықтамасы бойынша 3 160[4]) және АҚШ-та (2 655[5]).
Валий тілі бірінші тіл ретінде Уэльстің солтүстігінде және батысында жақсы дамыған. Бірінші кезекте Гуинеттеде, Денбиширде, Айл-оф-Англси, Пембруширдің солтүстігінде, Кередигионда және Гламорганның батыс бөліктерінде жақсы дамыған. [6][7].
Валий тілі 1982 жылы S4C (Sianel Pedwar Cymru, «4-інші арна, Уэльс»), телевизиялық арнасы прайм-тайм тек валий тілінде жүргізілгендіктен, валий тілі қараша айында көптеген көрермендерге ие болды.[8][9].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.