Буфер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Буфер (ағылш. buffer, buff — соққыны бәсеңдету, жұмсарту) —

  1. соққы күшін бәсеңдету үшін қолданылатын жабдық. Вагондар мен локомотивтерде Буфер поездың қозғалысы кезінде вагондардың өзара соқтығысуынан пайда болатын соққы мен қысу күшін өзіне қабылдайды. Автотіркеуіш қойылған жағдайда буфер алынып тасталады. Автомобиль буфері — бампер негізінен кездейсоқ соқтығудан туатын күш шамасын бәсеңдету үшін пайдаланылады;
  2. мәліметтерді уақытша сақтауға арналған компьютер жедел жадының бір бөлігі. Ол пернетақтада символдарды жылдам теру кезінде символдардың дұрыс реттілігін сақтауды қамтамасыз етеді. Буфер әр түрлі бағдарламалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың үзінділерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін де қолданылады. Буфердің алмастыру буфері, кіріс буфері, шығыс буфері, командалық буфер, жасырын буфер деп аталатын түрлері бар.[1]
  3. вагондардың бір бірімен және локомотивпен түйісуі кезінде вагонетка рамаларына арнайы қойылған құрылғы. Буфер қатты және резиналы, ауа немесе су көмегімен бәсендеткіш болып бөлінеді.[2].

Дереккөздер

  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999. ISBN5-628-00001-9

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.