Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқандығы баршамызға мәлім. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.

Quick Facts Жалпы мағлұмат, Орналасуы ...
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Thumb
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы129 299 га
Құрылған уақыты12 тамыз 2000 жыл
Басқаратын ұйымҚР Президентінің Іс Басқармасы
Сайтыhttp://parkburabay.kz/
Орналасуы
53°05′00″ с. е. 70°18′00″ ш. б.53.0833° с. е. 70.3° ш. б. / 53.0833; 70.3 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданБурабай ауданы
Thumb
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Thumb
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ортаққорда
Close

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды.

Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.

Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді.

Оқжетпес

Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.

Жеке батыр

Бір кедей ауылда ақылды, парасатты, арманшыл, ержүрек батыр өмір сүріпті. Ол жас, өлең айтатын және ешқандай қорқуды білмейтін болыпты. Өсе келе айналысындағы кедейшілікті, халықтың көз жасын, қайғысын көреді. Шығыстан және оңтүстіктен ауылға жоңғарлар, батыстан – Волга қалмақтары қысым жасады. Дұшпандары ауылдан адамдарды, малдарды айдап әкетіп жатады. Ел ішінде жігіттер қыз-келіншектер үшін өзара төбелесті. Осындай реніштері үшін олар бір-бірінің жайылымдарына зиян келтірді. Осындай келеңсіз жағдайларға өкпелеген жас батыр ауылдан кетіп, өз бақытын табуға бел буады. Жолда батыр өзге елдің бірнеше әскерлерін жолықтырады. Олар бақытқа жету үшін жердің түбіне жалғыз бару керек емес, қасыңда жора-жолдас болу керек. Күш біріктіріп, еліңді-жеріңді қорғасаң, сонда бақыт өзі келеді, - дейді. Батыр ешқайсысының сөзіне құлақ аспай, өз жөніне кете береді. Алдынан дұшпанның үлкен әскері кездесіп, барлық жолын жауып, қанды шайқас болады. Сонда ғана қанша батыр болса да, жалғыз жолға шығуға болмайтынын түсінеді. Дұшпандарының қолынан дала төсінде мәңгі ұйқыға кетті. Қазіргі кезде «Жеке батыр» тас бейнесі халық жүрегінде аңыз болып қалды.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.