From Wikipedia, the free encyclopedia
Бурабай кеніші, “Бурабай қазынасы” — Солтүстік Қазақстанда IV – V ғасырлардағы қабірден табылған материалдық мәдениет ескерткіштері. Бурабай орман техникумы маңынан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кездейсоқ ашылып, кейін А.Н. Бернштам зерттеген. Беті үлкен тас плитамен жабылған қабірдің ұзындығы 4,5 м, ені 1,5 м, тереңдігі 0,7 м. Оның ішінен адам сүйектерімен қатар, қоладан құйылған қазан, айылбас, темірден соғылған найза, ауыздық, 7 жебе ұшы, алтын мен күмістен жасалған түрлі әшекей бұйымдар, тастан, сүйек пен шыныдан істелген моншақтар, т.б. алынды.
Қазынаның арасындағы алтын тәті (диадема), сырғалар, қапсырмалар мен тұмаршалар өзінің орындалу әдісі мен әсемдігі жағынан көне дәуір қолөнерінің теңдессіз үлгілері болып саналады және түгелдей ежелгі ғұн тайпалары мәдениетіне жатады. Типологиялық тұрғыдан бұл бұйымдар сақ дәуірінің “аң стилінің” орнына келген “полихромдық стиль” үлгісіне жатады. Әшекей бұйымдарды түрлі асыл тастармен безендіру (инкрустация), оның негізгі бөлігіне ұсақ алтын түйіршіктер қондыру (зернь), т.б. тәсілдерді қолданумен ерекшеленетін бұл “стиль”, шын мәнінде, сонау сақ өнеріндегі “аң стилінен” бастау алады. Бурабай кеніші бұйымдарындағы көркемдік және тех. әдістер Қазақстан жеріндегі басқа ескерткіштерде де (Орталық Қазақстандағы Қарағаш, Қанаттас обалары) кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, Бурабай кенішіндегі обада ғұн дәуірінің бай әрі батыр шонжарлар әулетінен шыққан ақсүйек әйел жерленген.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.