Құс шаруашылығы From Wikipedia, the free encyclopedia
Бройлер(ағылш. broіler; broіl – отқа қақтау) — ет бағытындағы тауықтың тез жетілгіш, будан балапаны. Оның 40 — 60 күндігіндегі салмағы 1,4 — 1,7 кг-ға дейін жетеді. Әр 1 кг үстеме салмақ алу үшін 2,0 — 2,5 кг жем жұмсалады. Бройлердің толық тазаланған ұшасының түсімі орта есеппен 60 — 62%. Етінің дәмі, қоректілігі мен сапалығы ересек құстардікінен әлдеқайда артық болады. Бройлер өсірумен арнайы ірі құс шаруашылықтары айналысады. Бройлер өсіру ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тұқымдары жеке өсіріліп, оларды ұтымды будандастыру арқылы инкубациялық жұмыртқа алу, жұмыртқаны инкубациялау, оларды өсіру, сою, ұшасын өңдеу, құрама жем өндіру сияқты күрделі процестер жүйелі түрде іске асырылуы қажет. Ол үшін ет бағытындағы (етжеңді) балапан алуды қамтамасыз ететін құс асылдандыру жұмысы мен сапалы құрама жем өндіру алдын-ала шешілуі қажет. Бройлер өсіруде негізінен атасы корниш, енесі плимутрок тұқымдары тектес будан балапандар пайдаланылады. Бройлерге арнайы құрғақ құрама жем беріледі; Бройлер өсірілетін тауық қора алдын-ала тазаланып, дезинсекция және дезинфекция жүргізіледі. Тазаланған еденге құрғақ әк (1 м2-ге 0,7 — 1 кг) шашылып, оның бетіне қалың (5 — 7 см) төсеніш салынады. Тауық қораның ішіндегі температура басында 33 — 35°С-қа жеткізіледі. Кейін бірте-бірте жылылықты 18 — 20°С-қа дейін төмендетеді. Бройлер алғашқы 40 күндігінде жылытқыш қондырғы астында болады. Бір тауық қорада ұстайтын балапан санын 1 м2 жерге 18 — 20 есебімен анықтайды. Жемді үстемелеп беріп, суды күніне кем дегенде 2 рет ауыстырып отырады. Межелі салмаққа жеткеннен кейін балапандар етке өткізіледі. Балапандарды, көбінесе, 56 күндігіне дейін ұстайды. Сондықтан Бройлер өсіру жылына кем дегенде 4 — 5 рет қайталанады. Тауық қораны келесі Бройлер тобын қабылдауға жоғарыда айтылғандай тәртіппен қайта дайындайды. Әдетте бұл дайындау мерзімінің ұзақтығы 14 күннен аспайды. Қазақстанда Бройлер өсіру ірі құс фабрикаларында (Алматы, Қарағанды, т.б.) жүзеге асырылады.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.