From Wikipedia, the free encyclopedia
Биполярлы транзистор (Биполярный транзистор) — үш рет кезектесіп орналастырылған электрондық (n) немесе кемтіктік (р) типті откізгішті шалаөткізгіш облыстары, екі р-n өткелі бар, яғни n-р-n не р-n-р құрылымды, көбіне үш электроды (шықпаса) болатын, электр сигналдарын күшейтуге, түрлендіруге арналған шалаөткізгіш аспап. Биполярлы транзистор жұмысы база деп аталатын ортаңғы облысы арқылы ағып өтетін негізгі емес заряд тасымалдаушылардың ағынын басқаруга негізделген, әдетте, тікелей бағытта ығысқан және базаға негізгі емес заряд тасымалдаушылардын инжекциясын қамтамасыз ететін электронды-кемтіктік өткел эмиттерлік деп аталады, ал осы откелмен базадан бөлінген сол жактагы шалаөткізгіш облыс эмиттер цеп аталады. Кері бағытта ығысқ ан және эмиттерден инжекция жасап, база арқылы өзіне тақаған негізгі емес заряд тасымалдаушыларды жинауды қамтамасыз ететін өткел коллекторлық деп аталады. Осы өткелмен базадан бөлінетін және транзисторлық құрылымның он жақ шетінде орналасқан ШӨ облыс коллектор деп аталады.Биполярлық транзистор – қуатты күшейтуге арналған электрөткізгіштік түрлері алмасатын үш саладан құрылған электр түрлендіргіш аспап. Биполярлы транзисторда ток екі түрлі заряд тасушының (электрон және кемтік) қозғалысымен белгіленеді.Биполярлы транзисторда үш қабатты жартылай өткізгішті құрылымының көмегімен әр түрлі электр өткізгіштері бар жартылай өткізгіштін екі р-n өткелдер құрылады. Екі үш қабатты құрылым болуы мүмкін: кемтікті-электронды-кемтікті және электронды-кемтікті-электронды. Әр түрлі электр өткізгіштері бар участіктері алмасуға сәйкесті барлық биполярлы транзистор екі түрге бөлінеді: p-n-p (а сурет) және n-p-n(б сурет) Әр аймақтан тоқ жүретін шықпалар (электродтар) шығарылып, олар эмиттер(Э), коллектор(К) және база(Б)деп аталады.Латын тілінен аударғанда emitto- эмиттер- «шығарушы»,ол транзситорды заряд тасымалдаушылармен қамтамасыз ететін электрод бол.таб. collector- коллектор «жинақтаушы» эмиттерден шыққан заряд тасушыларды қабылдайды.ал заряд тасушылардын эмиттерден коллекторға қарай қозғалысын реттейтін –база.Ол Транзистордың реттеуші, басқарушы электроды болып саналады. n-p-n және p-n-n-p транзисторының жұмыс істеу принциптері бірдей, айырмашылық тоқ түзетін заряд тасушыларында. Біріншісінде электрондар, екіншісінде кемтіктер. Биполярлы транзистор – әр жақты тағайындауы бар жартылай өткізгіштік күшейткіш аспаптар, ал сол себептен әртүрлі күшейткіштерде, генераторларда, логикалы және серпінді құрылғыларда кең қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.