From Wikipedia, the free encyclopedia
Бекбике мұнай кен орны (Бек-Бике) — Каспий маңы ойысының ернеуі маңы белдемінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мұнай кен орны. Атырау облысында, Атырау қаласынан солтүстік-шығыста 140 км жерде орналасқан. Құрылым геофизикалық тәсілдермен, құрылымдық карта жасау бұрғылауымен 1912 және 1943 жылдары дайындалып, кен орны 1926 жылы ашылған.
Кен орнықос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бор шөгінділерінде үш, ортаңғы юра шөгінділерінде бір мұнайлы горизонт бөлінген. Төменгі юрадағы өнімді горизонттар 275–420 м тереңдіктерде, ортаңғы юрадағы горизонт 600 м тереңдікте жатыр. Төменгі бор жатындарының биіктігі 20-35, юралық жатындікі 30 м. Мұнай-су жапсары төменгі бор жатындарында -310–455 м, юраға тиесілі жатында -640 м белгілер арқылы өтеді.
Жатындары қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Горизонттар терригендік шөгінділерден құралған, жинауыштары кеуекті. Төменгі бор горизонттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2–4 м, юра горизонтынікі 2 м. Жинауыштардың кеуектілігі 30–45%, өтімділігі 0,8 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,63. Юра горизонты мұнайының бастапқы шығымы 4 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 2,4–5,3 МПа, температура 20–30°С.
Мұнайдың тығыздығы 889–893 кг/м3. Мұнайы аз күкіртті (0,15%), аз парафинді (0,4%), аз шайырлы (9%). Жатын режимі суарынды. Қойнауқаттық сулары хлор-кальцийлі, тығыздығы 1122-1155 кг/м3, минералдану дәрежесі 15,7 г/м-ден 19,4 г/л-ге дейін. Кен орны 1948 жылдан игерілуде.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.