From Wikipedia, the free encyclopedia
Бағаналы жасуша (ағылш. Stem cell) — көпжасушалы организмдердегі дифференциаланбаған, немесе ішінара дифференциаланған жасушалар болып, олар жасушалардың әртүріне өзгере алады, немесе өзі секілді бағыналы жасаушаларғ бөлініп көбейе алады. Олар жасуша линиясында (cell lineage) жасушаның алғашқы нұсқасы есептеледі. Олар эмбриондық және жетілген организмдерде кездеседі, бірақ әр түрінің өзіне тән ерекшелігі бар. Олар әдетте, шексіз бөліне алмайтын бастауыш жасушалардан және әдетте бір жасуша түріне бөлінуге міндеттелген прекурсорлардан өзгеше болады.[1]
Бағаналы жасуша - бұл организмдегі арнаулы жасуша түрлеріне айналу қабілеті бар жасуша. Болашақта олар аурудың салдарынан зақымдалған немесе жоғалған жасушалар мен тіндерді ауыстыру үшін қолданылуы мүмкін.
Сүтқоректілерде эмбрион дамудың бластоциста кезеңінде, шамамен 5-14 күн уақытта 50-150 жасуша ішкі жасуша массасын құрайды. Бұлардың бағаналы жасушалық қабілеті бар. Тірі ағызада (In vivo), олар соңында дененің әртүрлі жасушалық түрлеріне бөлінеді (олар плурипотентті болады). Бұл процесс гаструляция сатысында үш жыныстық қабатқа - эктодерма, мезодерма және эндодермаға дифференциациялаудан басталады. Алайда, олар оқшауланғанда және өскенде, олар бағаналы жасуша сатысында сақталуы мүмкін және эмбриондық бағаналы жасушалар (ESC) деп аталады.
Көпжасушалы ағзалардың дамуы әдетте зигота деп аталатын бір бағаналы жасушадан басталады. Көптеген бөлу циклдары мен дифференциациялау процесінің нәтижесінде, белгілі бір биологиялық түрге тән барлық клеткалардың түрлері қалыптасады. Бұл клеткалар адам ағзасында 220-ден астам болады. Бағаналы жасушалар ересектер денесінде де сақталады, соның арқасында тіндерді және мүшелерді қалпына келуі іске асады. Дегенмен, қартаю процесінде денедегі олардың саны азаяды.
Осызаман медицинасында адамның бағаналы жасушаларын трансплантациялау, яғни терапевтік мақсаттарға пайдалануға ауысты. Мысалы, гемопоэтически бағаналы жасушаларды трансплантациялау лейкемия мен лимфоманы емдеуде гемопоэзі процесін қалпына келтіру үшін жасалады.
Біздің денеміз әралуан жасушалардан тұрады.
Көптеген жасушалар белгілі бір функцияларды орындауға арналған, мысалы, эритроциттерде денеге қажетті қандағы оттегі бар, бірақ олар бөлінуге қабілетсіз.
Бағаналы жасушалар өсу барысында организмге жаңа жасушалар беріп, зақымдалған немесе жоғалған арнаулы жасушаларды алмастыра алады. Олар мұны істеуге мүмкіндік беретін екі ерекше қасиетке ие:
Бағаналы жасушаның үш негізгі түрі бар:
Эмбриондық бағаналы жасушалар адам нәрестеге айналар кезде эмбрион үшін жаңа жасушаларды береді.
Бұл бағаналы жасушалар плурипотентті деп аталады, яғни олар дененің кез-келген жасушасына ауыса алады.
Жетілген бағаналы жасушалар организм өсіп жатқанда зақымдалған жасушаларды ауыстыру үшін жаңа жасушаларға айналады.
Жетілген бағаналы жасушалар мультипотентті деп аталады, яғни олар кез-келген жасушаға емес, дененің кейбір жасушаларына ауыса алады, мысалы:
Плурипотентті жетектеуіш бағаналы жасушалар немесе ‘iPS жасушалары’ - ғалымдар зертханада жасайтын бағыналы жасушалар.
"Индукция", яғни "жетектеуіш" дегеніміз, зертханада тері немесе қан жасушалары секілді қалыпты Жетілген жасушаларды алып, оларды қайта бағдарламалап, бағаналы жасушаларға айналдыру арқылы жасалады.
Бейне Эмбриондық бағналы жасушалар секілді, олар плурипотентті, сондықтан олар кез-келген жасуша типіне ене алады.
Бағыналы жасушалардың бірқанша жағдайда қолданылады:
Зерттеулер бағаналы жасушаның ерекшелігін жақсы түсінуді көздейді, сөйтіп біз біз мына істерді істей алатын боламыз:
Кейде жасушалар, тіндер мен мүшелер аурудан, жарақаттанудан және генетикалық себептерден біржола зақымдануы немесе күйреуі мүмкін.
Бағыналы жасушалар зақымдалған немесе күйреген жасушалардың орнын толдыру үшін денеге трансплантациялауға болатын жаңа жасушаларды генерациялаудың ерекше бір әдісі деуге болады.
Қазіргі уақытта Жетілген бағаналы жасушалар кейбір жағдайларды емдеу үшін қолданылады, мысалы:
Жасына байланысты макулярлы деградация (AMD) - болашақта бағаналы жасушаларды емдеудің жаңа түрі ретінде қолдануға болатын аурудың мысалы есептеледі:
Бағаналы жасушаларды трансплантациялауға арналған жаңа орган жасауға пайдалануға болады:
Ағыза сигналдары кейбір гендерді (genes) қосу және кейбір гендерді жою арқылы ағызаға мамандандырылған жасушаның қандай түрі қажет екенін білдіреді.
Плурипотентті жетектеуіш бағаналы жасушаларды қалыптастыру үшін ғалымдар әдетте жетектеуіш жасушаларына алғашқы эмбриондық бағаналық жасушалар болып қалуға шақыратын сигналдарды қайта енгізеді. Бұлар жасушаның мамандандырылғандығын білдіретін кез-келген генді өшіреді және жасушаны бағыналы жасуша болуға бұйыратын гендерді қосады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.