Баяндау
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Баяндау[1] - әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиетте және әдістеме ғылымында қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақ прозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр. Әдістеме ғылымындағы баяндау - оқу материалының мазмұнын белгілі жүйемен әңгімелеп түсіндіру тәсілі. Баяндау барлық сыныптарда, әр түрлі (көбінесе, гуманитарлық) пәндер бойынша қолданылады. Баяндау әдісін қолдануда оқушыларға оқу материалын неғұрлым толық, ғылыми нанымды әңгімелеу көзделеді. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру, пікірлесу, әңгімелесу, көрнекілік тәсілдерін пайдалануға болады. Ұтымды қолданылған баяндау әдісі оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын, белсенділігін арттырады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау, ойлау қабілеттеріне қарай баяндаудың алдын ала логикалық жоспары жасалады. Баяндау төменгі сыныптарда 10 мин-қа дейін, жоғарғы сыныптарда 25 минутқа дейін созылады. Баяндау әдісімен сабақ өткізуде мұғалімнің әңгімелеу шеберлігі, сөзінің әсерлілігі зор маңызға ие болады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.