Батыс Сібір генерал-губернаторлығы (орыс. Западно-Сибирское генерал-губернаторство) — 1822-1882 жылдар аралығында болған Ресей империясының ірі әскери-әкімшілік бірлігі.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Ресей империясының генерал-губернаторлығы
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы
Әкімшілігі
Ел

 Ресей империясы

Әкімш. орт.

Омбы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

7 ақпан 1822

Таратылған уақыты

30 мамыр 1882

Батыс Сібір генерал-губернаторлығы Ортаққорда
Close

Әкімшілік орталығы — Омбы қаласы.

Тарихы

Генерал-губернаторлықты құру туралы шешім 1822 жылы 26 қаңтарда (7 ақпанда) Сібір генерал-губернаторлығын батыс және шығыс бөліктерге бөлуді ұсынған М.М.Сперанскийдің бастамасымен қабылданды. Заңды түрде бұл шешім 1822 жылғы 22 шілдеде (3 тамызда) «Сібір губернияларының басқармаларына арналған мекемелер» бекітілуімен рәсімделді[1].

Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орталығы Тобыл болды, бірақ 1824 жылы бірінші генерал-губернатор П.М.Капцевич өзінің резиденциясын Омбыда орналастыруды ұйғарды. Алайда, қалған мекемелер Тобылда қалып, Капцевич 1827 жылы қызметінен кеткеннен кейін генерал-губернатордың резиденциясы Тобылға қайта оралды.

Соған қарамастан 1838 жылы 25 қарашада (7 желтоқсан) империялық жарлықпен Батыс Сібір бас басқармасын Омбыға көшіру туралы бұйрық шықты. Батыс Сібір бас басқармасы мен мемлекет мекемелерінің лауазымды адамдарын Омбыға ауыстыру 1839 жылы 20 мамыр (1 маусым) - 29 мамыр (10 маусым) аралығында болды.

1882 жылы 18 (30) мамырда Батыс Сібір генерал-губернаторының орнына орталығы Омбыда болған Дала генерал-губернаторлығы құрылды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына енген Омбы облысы қазақтарының Ақмола, Ақсуат, Аягөз, Баянауыл, Қарқаралы, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау округтері “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” (1822) сәйкес басқарылады. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. 1868 жылы 21 қазанда бекітілген “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бойынша құрылған қазақ облыстарының ішінде Ақмола облысы мен Семей облысы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарады. Ақмола облысына - Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері, ал Семей облысына - Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Қарқаралы және Өскемен уездері енді. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында болған Жетісу облысы 1883 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығы қарамағына берілді. 1891 жылы 21 наурызда қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ережеге” сәйкес Орынбор губернаторлығы мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орнына орталығы Омбы болған Дала генерал-губернаторлығы құрылды.[2]

Батыс Сібір бас басқармасы

Батыс Сібір бас басқармасы 1881 жылға қарай[3]:

  • Батыс Сібір генерал-губернаторы (ген.-адьют., ген.-лейт. Г. В. Мещеринов)
Батыс Сібірдің облыстық басқармалары
  • Ақмола облысының әскери губернаторы (ген.-лейт. В. С. Цытович)
  • Семей облысының әскери губернаторы (ген.-майор А. П. Проценко)
  • Тобыл губерниясының губернаторы (нақты статтық кеңесші В. А. Лысогорский)
  • Томбы губерниясының губернаторы (НСК В. И. Мерцалов)
Батыс Сібірдің әскери басқармалары
  • Батыс-Сібір әскери округі (ген.-адьют., ген.-лейт. Г. В. Мещеринов)
  • Ақмола облысының әскерлері (ген.-лейт. В. С. Цытович)
  • Семей облысының әскерлері (ген.-майор А. П. Проценко)
  • Сібір казак әскері (ген.-адьют., ген.-лейт. Г. В. Мещеринов)
  • Сібір әскери гимназиясы (ген.-майор П. С. Цытович)
  • Сібір жандарм округі (ген.-майор Д. М. Ходкевич)
Батыс Сібір бас басқармасының кеңесі

Министрліктердің мүшелері:

  • ІІМ (НСК В. Б. Лакиер)
  • Әділет министрлігі (НСК В. И. Спасский)
  • Қаржы министрлігі (СК Я. А. Крымский)
  • Ағарту ісі (НСК Н. Я. Максимов)

Құрылымы:

  • I Бөлім (НСК П. М. Залесский)
  • II Бөлім (НСК П. О. Козлов)
  • III Бөлім (СК А. И. Орлов)
  • IV Бөлім (НСК Е. А. Заборовский)
  • Түсірілім бөлімшесі (КС Ф. А. Дорофеев)

Батыс Сібір бас басқармасының құрамындағы жеке бөлімдер:

  • Батыс Сібір акциз алымы басқармасы (КС В. А. Кочеров)
  • Омбы телеграф округі басқармасы (СК М. И. Ковзан)
  • Алтай тау-кен зауыттары басқармасы (НСК Ю. И. Эйхвальд)
  • Жаралылар мен ауру жауынгерлерді күту қоғамының Батыс Сібір өңірлік басқармасы (ген.-майор П. С. Цытович)

Әскери басқармасы

Генерал-губернаторлықтың әскери құрылымын 1820 жылы 23-атқыштар дивизиясы және Сібір саптық казак әскерлерінің құрамынан құрылған Жеке Сібір корпусынан тұрды. Корпус командирі лауазымы бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторы болды.

1864 жылы корпус Батыс-Сібір әскери округінің құрылуына байланысты Батыс Сібір әскерлері деп аталып, 1865 жылы 20 маусымда таратылды. 1882 жылы 6 маусымда Батыс Сібір енерал-губернаторлығының жойылуымен бірге округ Омбы әскери округі деп атауын өзгертті.

Генерал губернаторлары

More information Т. А. Ә., Атағы, шені, лауазымы ...
Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты
Петр Михайлович Капцевич генерал-лейтенант
3.8.1822—6.8.1827
Иван Александрович Вельяминов генерал-лейтенант
6.8.1827—10.10.1834
Николай Семенович Сулима генерал-лейтенант
10.10.1834—9.2.1836
Петр Дмитриевич Горчаков кінәз, генерал-лейтенант
9.2.1836—25.12.1850
Густав Христианович Гасфорд инфантерия генералы
31.12.1850—25.1.1861
Александр Осипович Дюгамель генерал-лейтенант
25.1.1861—9.11.1866
Александр Петрович Хрущов генерал-лейтенант
9.11.1866—13.1.1875
Николай Геннадьевич Казнаков генерал-адъютант, инфантерия генералы
13.1.1875—3.3.1881
Григорий Васильевич Мещеринов генерал-адъютант, генерал-лейтенант
3.3.1881—6.6.1882
Close

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.