From Wikipedia, the free encyclopedia
Батпақ тенрегі (лат. Limnogale mergulus) – тенректер тұқымдасына жататын, Мадагаскар аралында бор кезеңінен, монотипті ондатрға ұқсас сүтқоректі түрі.
Батпақты тенректің денесінің ұзындығы 240-260 мм, ал, құйрығының ұзындығы 120-130 мм. Массасы 60-100 г шамасында. Көбінше түнде аса зор белсенділік танытады.
Бұл жануар түрі Мадагаскар аралын көптеп мекендейді. Көп уақыт ішінде бұл жануардың ұрпағы қалмаған деп есептеген, дегенмен, біраз уақыттан соң жануар кайта пайда бола бастады. Тенрек көбінше теңіз жағаларында 600-2000 м су үстін мекендейді. Ін қазу арқылы өмір сүреді. Іні судың денгейінен төмен болады.
Құлағы кішкентай, дөңгелектеніп келген, көздері кішігірім, саусақтарының арасы қосылып кеткен. Құйрығы өте күшті, квадрат секілді, жүзуге атсалысады. Жүні калың, қысқа және өте жұмсақ.
Тенрек көбінше су өсімдіктерімен, сонымен қатар, балықтармен, құрбақа, бақалармен, бунақденелілермен қоректенеді.
Батпақты тенректің көбеюі желтоқсан, ақпан айларында іске асады. Көбінше құрсағында 2-3 тенректен болады. Бұл жануар түрі өте сирек кездесетіндіктен, Кызыл кітапқа енген.
Жануарлар энциклопедиясы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.