Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Басаяқтылар (Cephalopoda) – жұмсақденелілер типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Екі класс тармағына бөлінеді: төрт желбезектілер немесе сыртқы бақалшақтылар (Тetrabranchіa – Еctocochlea) және екі желбезектілер немесе ішкі бақалшақтылар (Dіbranchіa – Coleoіdae). Бұлардың 650-ден астам түрлері теңіздер мен мұхитта тіршілік етеді. Денесі жалаңаш (наутилус деген түрінің ғана бақалшағы бар), тұрқы 1 см-ден 18 м-ге (алып кальмарлар) дейін. Басы денесінен анық жіктелген, аузының айналасындағы жемін ұстауға арналған 8 – 10 қармалауыштарының жабысқақ сорғыштары бар, кейде мүйізденген ілмешегі болады. Басаяқтылардың басының бауыр жағында орналасқан мантия қуысына жалғасатын түтікше бар. Басаяқтылар мантия қуысынан енген суды түтікше арқылы қысыммен сыртқа шығарып, соның екпінімен қозғалады. Олардың жұтқыншағында үккіші (радула) орналасқан. Ауыз қуысына бір немесе екі жұп сілекей бездері ашылады (осьминогтардың артқы сілекей бездері у шығарады). Кейбір түрінде жіңішке шегі қапшық тәрізді қарынға жалғасады, онда қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция (сия) безі бар. Жұп не қос жұп желбезегімен тыныс алады. Тұйық қан айналу жүйесі өте күрделі, себебі, омыртқасыздардың ішінде тек Басаяқтылардың ғана жүрегі бір қарынша және екі жүрекшеге бөлінеді (ішкі бақалшақтыларда төртеу болады). Миы, сезім мүшелері, әсіресе, көзі жақсы дамыған. Бұлар негізінен дара жыныстылар, аталықтары жалған қолға (гектокотильге) айналған қармалауышымен ұрықтарын аналықтарының мантия қуысына салу арқылы ұрықтандырады. Басаяқтылар – жыртқыштар, олар көбінесе балықтарды, шаянтәрізділерді жейді. Ал өздері – судағы сүтқоректілердің (әсіресе, кашалоттардың) жемі. Басаяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Қытай, Жапония, Корея, т.б. елдерде тағамға пайдаланылады. Бұлардың етінің сапасы балық етінен де артық, сондықтан жыл сайын 1,64 млн. т (оның 1,2 млн. т-сы кальмарлар) Басаяқтылар ауланады.[1]
Басаяқты ұлулар - жоғары ұйымдастырылған теңіз ұлулар классы. Мезо-кайнозой кезеңінен бастап басаяқты ұлулар балықтармен бәсекелістікте пайда болған, негізгінен сүйектестілермен. Соның нәтижесінде биологиялық ұқсас бейімдеушілік пайда болған. Денесі 1 см-ден 5 м, билатериальді, симмметриялы, әдетте ірі денемен юасқа бөледі. Түрі өзгерген аяғы шанаға айналған воронкаға айналған. Денесін мантия жапқан, мантиясы мен воронкасы реактивті түрде жүзуге мүмкіндік беретін пропульсивті мүшеге айналған. Көпшілігінде қосалқы жүзу мүшелеріне, жұп жүзбеқанаттар немесе мантияның екі жақ қабырғалары. Аяқтарында еміздіктері, кейбір кальмарларда олар ілмектерге айналған. Басаяқты ұлулардың бақылшықтары ішінде, (наутилустан басқа), кейбіреулерінде жетілмеген немесе жойылған; ұрғашы аргонавтарда жұмыртқапы сақтау үшін ерекше сыртқы бақалшақтары бар. Шеміршекті бас сүйектерлер бар. Миы күрделі. Басының жағында екі ірі жақсы дамыған көздері орналасқан. Басаяқты рулар денесінің реңін жылдам өзгертеді. Жарықтандыру мүшелері бар. Қан жүйес тұйық. Даражыныстылар, кейде жыныстық диморфизм байқалады. Тіршілігінде 1-ак рет көбейеді, содан кейін өледі. Басаяқты рулар жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай. Пелагиалық немесе су түбінде қармақтың дернәсілдері шығады. Көпшілік түрлерінде ұрпақтарына қарқомшылығы байқалады. 7 клас тармағы бар, оның 6 жойылған түрлер, (наутилоиден және жойылып кеткен аммониттер), 1, қазіргі заманғы, 2 желбезекті 7 отряды бар, (қазіргі кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар, вампироморфтар мен жойылып кеткен Aulacocevatida Fhragmoteutida мен белемниттер). ТМД-да 60 түрі бар, олар Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздеріндетаралған. Пелагикалық жануарлары, жыртқыштар және су түбі организмдері. Көптеген басаяқты ұлулар кәсіпшілік нысаны, кейбір түрлері, фармацевтикалық шикізат ретінде қолданылады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.