From Wikipedia, the free encyclopedia
Баллон [1](французша ballon, италянша pallone — доп) — қолдану мақсатына байланысты металдан, полимерден, резинадан, матадан, шыныдан, т.б. материалдардан жасалатын газ өткізбейтін қабық не ыдыс. Мысалы, автомобиль баллоны (камера) резинадан жасалады. Ішіндегі ауасы шығарылып (вакуум орнатылған немесе инертті газбен, сынап буымен толтырылған), электродтармен жабдықталған электро-вакуумдық не иондық баллон (колба) шыныдан, металдан, керамикадан жасалады. Газ сақтауға және тасымалдауға арналған баллон резинадан не резиналы матадан (атмосфералық қысымда) және болаттан (100 кгс/см² дейінгі қысымда) жасалады. Ауадан жеңіл газбен толтырылған баллондар аэростат, дирижабль, т.б. қызметін атқарады.
Баллонның толтырылу қысымы 293 К температурада 1,9 МПА және 5,1 м3 газ ацетилен ацетонда ерітілген түрінде болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.