Бактериялық тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар тыңайтқыш заттар. Бактериялық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде ондағы биохимикалық процестер күшейіп, өсімдіктің тамырлары арқылы қоректенуі жақсарады. Қазақстан|да Бактериялық тыңайтқыштардан нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин, т.б. қолданылады. Нитрагинбұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолданылатын тыңайтқыш. Оның құрамындағы бактериялар өсімдік тамырларына шоғырланып, көбейіп, ауадан азот жинайды. Оны сіңірген өсімдік, өсуін жақсартады. Азотбактерин – құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Ол, әсіресе, көкөніс пен картопқа өте пайдалы. Фосфорбактерин – құрамында көп мөлшерде микроорганизм спорасы бар (1 г-нда 6 – 8 млрд.) тыңайтқыш. Бұл бактериялар фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
A.
A.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.