From Wikipedia, the free encyclopedia
Бактериологиялық (биологиялық) қару (орыс. бактериологическое (биологическое) оружие) — жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Бактериологиялық қарудың негізі ауру туғызатын микроорганизмдер мен улардан тұрады: вирустар, бактериялар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, ботулизм уы, т.б. Адамдарды зақымдайтын микроорганизмдер: обаның, тырысқақтың, түйнеме, туляремия, бөртпе және іш сүзегінің, пситтакозаның қоздырғыштары т.б. Малдарды зақымдау үшін түйнеме мен маңқа (сапа) қоздырғыштарымен катар ірі қара, шошқаның және т.б. аусыл, обаларының вирустары да колданылуы мүмкін. Өсімдіктерді ауруға ұшырататын бірқатар микроорганизмдер белгілі. Дәңді дақылдарда масақтың қараюы, картоп фитофторозасы, күріш пирикулярнозы, т.б. Адам бактериялық заттармен тыныс мүшелері, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабықтары аркылы, сондай-ақ осы вирустармен зақымданған таратушылар шаққан кездерде закымданады. Атмосфераның жерге жақын қабаттарын аэрозольмен зақымдау үшін бактериялық заттар сұйық немесе құрғақ рецептуралар түрінде қолданылады. Сонымен қатар олар зақымданған жәндіктер, кенелер мен кеміргіштер арқылы да тарайды. Ауаның жерге жақын қабатын закымдау және ауру таратушыларды тарату үшін: жарылу арқылы әсер ететін (ракеталардың биологиялық жарылыс бөліктері, авиациялык бомбалар мен кассеталар, артиллериялық снарядтар. миналар мен фугастар), механикалық жолмен ашылатын (вирус тараткыштар салынған энтомологиялық бомбалар, контейнерлер) биологиялык қару-жарақтар мен аспаптар қолданылады. бактерологиялық қаруды зымыран, ұшақ, т.б. жеткізуші техниканы қолданады.
Aдамзатқа қарсы жасалатын ең ауыр қылмыс. Ол өзінің зардабы жағынан соғыстың ең қатал да қатыгез құралдарының бірі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.