From Wikipedia, the free encyclopedia
Байғабыл, Балықтыарал – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы түбек.
Байғабыл түбегі | |
Ең биік нүктесі | 396 м |
Орналасуы | |
---|---|
46°38′25″ с. е. 76°46′54″ ш. б.46.64028° с. е. 76.78167° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Балқаш |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Аудан | Ақтоғай ауданы |
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Шығысында Балықтыкөл шығанағы мен Шайтанарал аралдары, батысында Асабайкөл шығынағы, оңтүстік-батысында Алғазы аралы жатыр.
Оңтүстік-шығыс бағытта 20 км-ге созылған, ені 1 – 8 км, абсолюттік биіктігі 396 м. Түбектің орта тұсы дөңестеу болып келеді. Жағаларының қатты тілімденген жерлерінде силур кезеңінің құмды туфтары кездеседі.
Құнарсыз сұр топырағында жусанды-сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. Су жиегі қамысты қоға.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.