From Wikipedia, the free encyclopedia
Базилика(гр. βασιλική — патшаның үйі) — колонналар қатары арқылы бірнеше өтпелі галереяларға бөлінген, жобасы тік төртбұрышты ғимарат.[1]
Өтпелі қатарлар (неф) әдетте тақ болады және әрқайсысының төбесі дербес жабылады. Ортаңғы қатар шеттегілерден биіктеу келеді де, қабырғасының жоғарғы жағынан терезе шығарылады. Базилика ежелгі дәуірде — қоғамдық-әкімшілік ғимарат болған. Орта ғасырларда мұндай типті ғимараттар шіркеу ретінде пайдаланылған. Базилика қайта өрлеу дәуіріндегі архитектурада да кең қолданылған.[2]
Базилика (грек. basilike — салтанат үйі)— ұзына бойына бағаналармен немесе колонналармен үш не бес нефке (кемелерге) бөлінген ұзын төрт бұрышты ғимарат; ортаңғы (бас) неф қапталдағыларынан биік, еңселі келеді. Ежелгі Римде базилика сауда келісімін жасайтын, сот мәжілістерін өткізетін орын болған. Орта ғасырлық дәуірде базилика формасы христиан храмдарына кеңінен пайдаланылды.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.