Базальт

From Wikipedia, the free encyclopedia

Базальт

Базальт – қоңырқай түсті эффузивті магмалық тау жынысы. Құрамындағы кремний диоксидінің (SіО2) мөлшері бойынша (42 – 55%) негізді жыныстарға жатады[1]. Базальттың жер қойнауында кристалданған тектесі – габбро. Негізді плагиоклаз (әдетте лабродор немесе битовнит), авгит, оливин минералдарынан тұрады, кейде магнетит және ильменит минералдары кездеседі. Базальт мұхит түбін, құрлықтардағы платформалық құрылымдардың ауқымды аймақтарын (ауданы мыңдаған шаршы км-мен өлшенетін трапп бүркемелері) көмкеріп жатады, қатпарлы құрылымды өңірлерде де жиі ұшырасады. Базальт бетон өндірісінде, құнды құрылыс және безендіру материалдары ретінде қолданылады.[2]

Thumb
Базальт

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.